Сейсенбі, 23 Сәуір 2024
Өз сөзі 9257 0 пікір 29 Ақпан, 2016 сағат 20:07

ОЛЖАС СҮЛЕЙМЕНОВ: БІЗДІ БІРІКТІРІП ТҰРҒАН "ТӨРТІНШІ ЖҮЗ"

Олжас Сүлейменов:
"Әзірше бізді біріктіріп ұстап тұрған Төртінші жүз – Республикамыздың көп ұлттан құралған халқы. Қазақ халқының тұтастығын сақтау үшін де Төртінші жүзді сақтау керек. Толық тәуелсіздік туралы қиял — қай халық үшін де қауіпті саяси инфантилизм. Анығырақ айтқанда, балалық аңқаулық".

Ауыл шопырының Олжас атаға сұрақтары:

1."Төртінші жүздi" кiм қиратқалы жатыр? Оны сақтау үшін бұдан артық не істеу керек? Неге сіздің қоздырғыш әңгімеңіз бітпейді?

2."Төртінші жүз" қашан және кімнен, қандай қорлық көрдi? Қазақтар оның қайсысын шекара асыра қуды?

3.Қазақ халқының тұтастығына неге басқа жүз кепіл болмақ?

4.Қазақ "төртіншінінің" тіліне жатық, салт-санасын сыйлайды. Ал, олар неге "гостiлдi" менсiнбейдi?

5.Елді неге бөле бересiз? Неге жiктейсiз? Қазақ ыдырағыш болса, ыдыратқыш кім? Өзі(ң)міз емес пе?

6."Төртіншіге" тұрақты "адвокат" болып келесіз. "Үшеудің" сорлы тіліне жабысқан сорды неге көрмейсіз? Оған неге жаныңыз ашымайды? Ұлы Абайдың тілі cізге неге үрей шақырып тұрады?

7.Тәуелсіздік туралы ойыңыз неге көмескі? Тәуелсіздік неге жарым- жартылай болу керек? Жарым-жартылай жүкті болған әйел көрдіңіз бе?

Р.S. Олжеке, қазаққа деген махаббатыңыз "садомазохизмге" көбірек ұқсайды. Әлде, мұныңыз "даналық аңқаулық" па?

Серік Абас-шах

FB парақшасынан алынды

0 пікір