Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Жаңалықтар 5898 0 пікір 1 Наурыз, 2016 сағат 11:50

БҮГІН ЕЛІМІЗДЕ АЛҒЫС АЙТУ КҮНІ ТОЙЛАНУДА

Бүгін Қазақстан халқы тұңғыш рет Алғыс айту күнін тойлап жатыр.

Барлық этностың бір-біріне және қазақтарға алғыс айту күнін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған болатын. Қазақстан халқы Ассамблеясының "Мәңгілік Ел: бір ел − бір тағдыр" тақырыбымен басталған ХХІІ сессиясының ашылу салтанатында сөз сөйлей отырып, Назарбаев халықтардың түгелдей жер аударылғанын еске алды. Назарбаев отбасының жер аударылғандарды қабылдап алғанын айтып берген еді. 

Осыған дейін 1 наурызда Қазақстан Президентінің Алғыс айту күніне арналған салтанатты шараларға қатысатыны хабарланған болатын. Сонымен қатар бүгін Мемлекет басшысы Астана және Қазақстан Митрополиті Александрмен кездеседі деп жоспарланып отыр.

Еске салайық, биылғы 15 қаңтарда Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстандағы кәсіби және өзге де мерекелер туралы жарлыққа өзгерістер ендігуге қол қойған болатын, осылайша елімізде екі жаңа мереке пайда болды− Алғыс айту күні және Геолог күні.

Abai.kz 

0 пікір