Сейсенбі, 23 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3624 0 пікір 28 Маусым, 2010 сағат 10:38

Назарбаев Қызылағаш кентін қалыпына келтіру жұмыстарының барысымен таныспақшы

Астана. 28 маусым. ҚазТАГ - Дина Ермағанбетова. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Алматы облысында көктемде су қоймасының бөгетін шайып кетуінен, су алып кеткен Қызылағаш кентін қалыпына келтіру жұмыстарының барысымен таныспақшы.

«Қызылағаш кентінде бүтіндей котедждік қалашық салынғаны мені қуантады. Мен оны барып көрмекшімін», - деді президент дүйсенбі күні «Күшті Қазақстанды бірге құрайық!» атты жалпыұлттық телекөпірде.

Еске салсақ, 11-ші наурызда 22 сағат 20 минутта мол жауған жауын мен ауа температурасының көтерілуінен Қызыл-Ағаш су қоймасының бөгетін су шайып кетті. Соның салдарынан Алматы облысындағы Қызылағаш ауылын су шайып кетті. Кенттегі үйлердің 70% әр түрлі деңгейде қирады. Қызылағаш аулында барлығы 2240 адам мекен еткен.

Қазір Қызылағаш ауылында 360-тан астам үйлердің қабырғалары тұрғызылып, 45 үй тапсырылды. Су құбырын тарту аяқталды. Ауыл толығымен ауыз сумен қамтамасыз етілді. Көшелер жарықтандырылды. Енді қалған қоғамдық және әкімшілік нысандар құрылысын аяқтау жұмыстары жалғасуда. Оның ішінде монша, әкімдік, мектеп, т.б. ғимараттары бар.

0 пікір