Жұма, 19 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3322 0 пікір 25 Маусым, 2010 сағат 13:50

Парламент сенаты КО шеңберінде келісімдер пакетін ратификациялады (толықтырумен)

Астана. 25 маусым. ҚазТАГ - Айнагүл Бекеева. ҚР парламентінің сенаты жұма күні кеңейтілген отырысында кеден одағының (КО) қызметіне қатысты келісімдер пакетін ратификациялауды мақұлдады.

Сенат «Кеден одағына мүше мемлекеттердің зияткерлік меншік нысандарының ортақ кедендік реестрі туралы келісімді ратификациялау туралы» заңды қабылдады. Қаржы министрі Болат Жәмішевтің айтуынша, бұл келісім зияткерлік меншіктің бірыңғай кедендік реестрін енгізу тәртібін белгілейді, оның негізінде кеден органдары КО-ның кедендік шекарасы арқылы тауарлар қозғалысы кезінде зияткерлік меншік құқықтарын қорғау шараларын қабылдайтын болады.

КО-ға мүше мемлекеттердің кеден органдарын кедендік бақылаудың белгіленген түрлерін қолданудан босату туралы келісімді ратификациялау туралы» заң кедендік шекараны қызметтік міндеттеріне байланысты кесіп өтсе, парламент депутаттарының, мемлекеттік хатшының, президент әкімшілігі жетекшісінің, конституциялық кеңес пен жоғарғы сот төрағаларының, Ұлттық банк пен ҰҚК басшыларының, бас прокурордың және басқа да бірқатар тұлғалардың жеке жүгін кедендік тексеруден босатуды қарастырады

Бұдан басқа, мақұлданған заңдар пакетіне КО кедендік аумағымен ішкі тасымал үшін жолаушылар тасымалдайтын халықаралық тасымалдың көлік құралдарын пайдалану және жүк пен жолжүктерінің тасымалын жүзеге асыратын жалпы қолданыстағы теміржол қозғалмалы құрамын пайдалану туралы келісімді ратификациялау кіреді.

Б. Жәмішевтің айтуынша, бұл құжат Одаққа мүше мемлекеттердің теміржол көлік компанияларына ішкі тасымалда басқа мемлекеттерде тіркелген қозғалмалы құрамды кедендік баж салығын және салықтарды төлемей, оңтайландырылған тәртіппен пайдалануға мүмкіндік береді.

«Қазақстанда теміржол қозғалмалы құрамының жетіспеушілігі жағдайында бұл (құжатты қабылдау - ҚазТАГ) көлік құралдары КО аумағында 90 күнге дейін болған жайдайда қазақстандық тасымалдаушылар үшін шетелдік вагондарды пайдалану және енгізуге қатысты кедендік процедураларды оңтайландыруға мүмкіндік береді», - деді қаржы министрі.

Сонымен қатар, «Халықаралық пошта жіберуде тасымалданатын тауарларға қатысты кедендік операциялардың ерекшеліктері туралы», «ҚР мен РФ арасындағы КО құру шеңберінде халықаралық келісімдерді қолдану туралы келісімге өзгертулер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы», «Еркін қоймалар және еркін қойманың кедендік процедурасы туралы» заңдар мақұлданды.

Экономикалық даму және сауда министрі Жанар Айтжанованың хабарлауынша, «КО аумағындағы еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтар (ЕЭА) мәселелері және еркін кеден аймағы кедендік процедурасы туралы» келісім КО комитетінің ЕЭА аумағында тыйым салынған қызмет түрлерін белгілеуі көрсетілген. Бұдан басқа, комитет еркін кеден аймағының кедендік процедураларымен қамтылмайтын тауарлар тізімін белгілеуге құқылы.

«Сонымен қатар, 2010 жылдың 1 мамырына дейін тркелген резиденттер үшін қолданыстағы тарифтік жеңілдіктердің бәрі 2017 жылдың 1 қаңтарына дейін сақталатынын көрсеткен норма белгіленді. Ал 2012 жылдың 1 қаңтарына дейін тіркелген резиденттер үшін КО аумағынан шығарылатын тауарлар КО комиссиясы белгілейтін жұмыс кезіндегі критерийлерді сақтау шартымен кедендік баж салығынан босатылатын болады», - деп нақтылады министр.

Парламент жеке тұлғалардың жеке қолданыс үшін тауарларды КО-ның кедендік шекарасы арқылы алып өту тәртібі мен оларды шығаруға байланысты кедендік операцияларды жүзеге асыру тәртібі туралы келісімді де ратификациялады.

Ж. Айтжанова жеке тұлғалар жеке қолданыс үшін тауарларды әкелген жағдайда құны 1500 еуродан және жалпы салмағы 50 кг-дан аспайтын тауарлар кедендік төлемдерден босатылатынын айтты.

Сондай-ақ, сенаторлар КО-ның кеденді шекарасы арқылы өтетін тауарлар мен көлік туралы ақпарат алмасуды, кедендік баж салықтарын төлеу мерзімдерінің шарттары мен өзгеру тәртібін; мүше мемлекеттердің кеден органдарының өзара әкімшілік көмек көрсетуін қарастыратын келісімдерді ратификациялады.

Сонымен қатар, «КО-ның кедендік аумағымен т/ж көлігімен тасымалданатын тауарлардың кедендік транзитінің ерекшеліктері туралы келісімді ратификациялау туралы» заң қабылданды.

Палатаның салалық комитетінің қорытындысында айтылғандай, бұл заң жеке тұлғалардың жеке қолданыс үшін тасымалдайтын тауарлары мен көлік құралдарына қатысты құқықтық қатынастарды қамтымайды.

Парламент «Кедендік транзит кедендік процедурасына сәйкес тасымалданатын тауарларға қатысты кедендік баж салықтарын, салықтарды төлеуді қамтамасыз етуді ұсыну мәселелері, кедендік баж салықтарын, салықтарды салу ерекшеліктері және ондай тауарларға қатысты өндіріп алынған сомаларды аудару тәртібі туралы» келісімді бекітті.

Аталған келісімнің мақсаты 2009 жылдың 27 қарашасында қол қойылған кедендік кешен туралы келісімнің негізінде кедендік баж салықтарын есептеу және төлеу саласындағы келісілген саясат жүргізу болып табылады.

0 пікір