Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4608 0 пікір 28 Наурыз, 2016 сағат 15:00

ДИДАХМЕТ ӘШІМХАНҰЛЫНЫҢ АВТОРЛЫҚ САЙТЫ АШЫЛДЫ

Белгілі жазушы Дидахмет Әшімханұлының авторлық сайты ашылды, - деп хабарлайды Абай-ақпарат. 

Бұл туралы жазушының ұлы Дәулет Дидахметұлы өзінің Facebook әлеуметтік желісінде мәлім етті.

"Бүгін мен үшін үлкен қуанышты күн! Әкеміздің сайты ашылды https://didahmet.kz/main!

Әкеміз бұл фәниден қоштасса да, жеке сайты Сіздермен әрқашан бірге болмақ! Бұл жерде әкеміздің фото-видеосы және өмір бойы жазылған еңбектері топтастырылған. 
Айта кетерлік жәйт - сайтты әлі толтыра түспекпіз. Әкеміздің көп еңбектері әлі ішіне енбеген, бірақ бұның бәрі уақыт еншісінде"- дейді Дәулет Әшімхан. 

Абай-ақпарат

0 пікір