Жұма, 26 Сәуір 2024
Қоғам 7433 0 пікір 29 Наурыз, 2016 сағат 16:31

СҮЛЕЙМЕНОВ ҰЛТТЫ МОЙЫНДАУДАН БАРЛЫҚ ЕЛ ЗАРДАП ШЕГІП ЖАТҚАНЫН АЙТТЫ

Қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов Шымкентке келіп, журналистерге сұхбат берді. Өз сөзінде шырайлы қалаға соңғы рет екі жыл бұрын келгенін айтап өткен белгілі ақын Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы соңғы жылдары көркейіп, ерекше өзгергенін жеткізді, - деп жазады korrespondent.kz/ басылымы.

 Өз сөзін «Біз барлығымыз қазақстандықтармыз. Осыны естен шығармау керек» деп бастаған қоғам қайраткері Шымкентке келген сапары барысында өңірдің фармацевтикалық саласымен танысқан.

«Фармзауытта болдым. Негізі мені осы бір проблема қызықтырады. Ресеймен қатар Қазақстанды да тұрғындарды жергілікті дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жайты мазалайды», - деді О.Сүлейменов.

Бұдан өзге танымал саяси тұлға біздің күш – ұлттардың бірлігінде екенін жасырмады.

«Кез келген көпұлтты мемлекет билікті орталықтандырудың арқасында аман қалады. Ұлттардың өзін-өзі айқындау құқын мойындағанымызбен, оның ыдыратушы құқық екені көрініп отыр. Бұдан қазіргі таңда барлық мемлекет зардап шегіп жатыр», - деді ақын.  (Любое многонациональное государство устоит долго, благодаря централизации власти, да. Хотя мы признаём право нации на самоопределение, но это разрушающее, как оказалось, право. От этого сейчас все государства страдают).

Ақын деп алақанымызға салып жүрген қайраткеріміздің бұнымен не айтқысы келгенін түсінбедік. Ал сіз қалай ойлайсыз?

Abai.kz

0 пікір