Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3901 0 пікір 31 Наурыз, 2016 сағат 10:43

ФУТБОЛДАН ТӘЖІКСТАН ҚҰРАМАСЫНЫҢ БАПКЕРЛЕРІ ҚЫЗМЕТТЕРІНЕН КЕТТІ

Тәжікстан футбол Федерациясының басшылығы ұлттық құраманың бапкерлер құрамын түгелдей жұмыстан қуу туралы шешім шығарды.

Құрама бас бапкерінің міндетін атқарушы Мубин Эргашев көмекшілерімен бірге Тәжікстан ұлттық құрамасының 2018 жылы өтетін әлем чемпионатына іріктеу кезеңінде сүреңсіз ойын көрсеткені және «В»тобында төртінші орын алғаны үшін қызметтерінен кетті.

Тәжікстан құрамасын 2019 жылы өтетін Азия Кубогының іріктеу ойындарына жаңа бапкерлер штабы дайындайтын болады. Жақын күндері есімі анықталатын бас бапкер көмекшілерін өзі жасақтайды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1565
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2260
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3541