Сенбі, 20 Сәуір 2024
Билік 89974 10 пікір 31 Наурыз, 2016 сағат 17:49

ЭКСПОНЫҢ ЕЛГЕ ҚАНДАЙ ПАЙДАСЫ БАР?

«ЭКСПО-2017» төңірегінде түрлі әңгімелер өрігені белгілі. Еліміздің сыртқы беделі мен ішкі экономикасына айтарлықтай үлесін тигізетін осынау Халықаралық көрменің маңызы жөнінде Мемлекет басшысының өзі аз айтып жүрген жоқ. Елімізге келген әрбір шетелдік дипломаттар мен үлкен саясаттағы серкелер де 2017 жылы Астана төрінде өтетін осы көрмеге ерекше ықыластарын білдіріп-ақ, жатыр.

«ЭКСПО-2017» ғалымдар мен мамандардың жаһандық қарым-қатынас алаңына айналып қана қоймай, іс жүзіндегі және ғылымдағы зерттеулердің революциялық қарқынды қадамы болмақ.

Бұл туралы «ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесінің қоғамдық кеңесінің төрағасы Ерлан Батташұлы Сыдықов мырза мәлімдеген.

Сондай-ақ, келер жылы Елорда төрінде тұсауы кесілетін көрменің еліміздің ғана емес, әлемдік білім беру саласында жа көптеген жаңалықтар ашатыны анық. Қоғамдық кеңес төрағасы, Л.Н. Гумилев атындағы Евразиялық ұлтық  университеті ректоры Ерлан Батташұлының айтуынша, бұл көрме іс жүзіндегі және ғылымдағы зерттеулердің революциялық қарқынды қадамы әм ғылыми трендтер, жобалар, мамандықтардың пайда болуына жол ашады.

«Мысалға алғанда, ғылыми трендтер, жобалар, мамандықтар пайда болады. Біздің университеттегі «Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі басқару және инжиниринг» кафедрасында қазірдің өзінде бірқатар бағыттарда зерттеу жұмыстары жүргізілуде.  Атап айтатын болсақ – Қазақстан ландшафтарын климаттың өзгерулерін есепке ала отырып, оның өнімділігіне және сыйымдылығына экологиялық баға беру, «жасыл» құрылыстардың экологиялық проблемалары, жылу беру жүйесінде энергияны үнемдейтін жылу үрлегіштерді пайдалану және басқа да бағыттарда зерттеулер жүргізілуде»,-дейді қоғамдық кеңес төрағасы.

Сонымен қатар, «ЭКСПО-2017» де біздің мемлекетіміз үшін аса қажетті дағдарысқа қарсы жоба болмақ.

«Мен бұл жағынан толықтай сенімдімін. «ЭКСПО-2017» шарасы қазақстандықтар үшін болашақтың энергетикасын дамыту үшін жаңа технологияны таңдап, оны игеруге аса қажетті болып табылады. Менің ойымша, көрмені өткізгеннен кейін тіпті оны сынға алып жүрген ең адамдар өздерінің адасқандарын сезіп, стереотиптік тар ойларының тұтқынынан шығады деп ойлаймын. Біздің елімізге де бір үші тиетін әлемде болып жатқан жаһандық дағдарысқа қарамастан, біз жаңа объектілерді іске қосып жатырмыз, ондаған мың жұмыс орындарын ашудамыз, құрылысқа жүздеген отандық кәсіпорындар тартылды, туристік кластер қарқынды көтерілуде, Астана қаласының және де еліміздің басқа өңірлеріндегі қалалардың инфрақұрылымдары жаңаруда, осының барлығы еліміздегі шағын және орта бизнестегі дамуына тың серпін береді»,-дейді Ерлан Сыдықов.

Ал, Халықаралық көрмені елімізге қандай пайда әкелетінін тәптіштеп баяндаған Ерлан Батташұлы, «ЭКСПО-2017» инфрақұрылымдарының негізінде құрылатын, ағылшын преценденттік құқық негізінде қызмет ететін әм міндетті түрде осы мәселені жасағанда Дубайдың тәжірибесін зерттеп, пайдаланылатын «Астана» қаржы орталығы құрылатынын айтты.

«Бұл жерде біздің Мемлекет басшысының екі бастамасына тоқталу керек. Өткен жылдың аяғында өткен Нью-Йорктегі БҰҰ Бас ассамблеясында сөз сөйлеген Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «ЭКСПО-2017» көрмесінің инфрақұрылымы негізінде жасыл технологияны дамыту бойынша Халықаралық хаб ашуды ұсынды. Бұл өте маңызы зор оқиға. Ойлап қараңыз, бұл орталық энергияны үнемдеу және жаңартылған энергия көздері сияқты басымдық берілетін бағыттардағы озық технологияларды дамыта алады қазіргі кездің өзінде шетелдік мамандар хаб құру бастамасына үлкен қызығушылық танытуда. Біздің еліміз үшін мұндай жоба АҚШ-тағы «кремний алқабымен» немесе Қытайдағы Бейжің технологиялық орталығымен парапар. Бұл инновациялық институттардың өз елдерінің экономикасына қандай ықпал жасағанын айтқаным артық болар. Екіншіден, «ЭКСПО-2017» инфрақұрылымдарының негізінде құрылатын, ағылшын преценденттік құқық негізінде қызмет ететін және міндетті түрде осы мәселені жасағанда Дубайдың тәжірибесін зерттеп, пайдаланылатын «Астана» қаржы орталығы құрылмақ. Британдық заңнамалар бүкіл әлемде үлкен сұранысқа ие жән заңды жүргізу бүкіл әлемде сұранысқа ие, ағылшындық құқық негізінде заңды жүргізу бизнес-қоғамдағы  заманауи трендтерге сәйкес. Бұл өз кезегінде елміздің экономикасына шетелдік инвестицияларды тартудың күшті факторы болады»,-дейді , әлемдік білім беру саласында жа көптеген жаңалықтар ашатыны анық. Қоғамдық кеңес төрағасы, Л.Н. Гумилев атындағы Евразиялық ұлтық  университеті ректоры Ерлан Батташұлы.

Abai.kz

10 пікір