Жұма, 26 Сәуір 2024
Жаңалықтар 5023 0 пікір 1 Сәуір, 2016 сағат 08:55

РЕСЕЙДІҢ ҚАТЫСУЫНСЫЗ ЯДРОЛЫҚ САММИТ АШЫЛДЫ

Вашингтондағы ядролық саммитке әлемнің ондаған жетекшісі бастаған делегация келді. Ресей бұл жиынға келуден бас тартты. Батыс елдері мұны Украинадағы текетірес пен Ресейдің Қырымды басып алуына байланысты Мәскеу мен НАТО арасының нашарлауы деп бағалады.

Конференцияға қатысушылар ядролық материалдарды экстремистік ұйымдардың қолына түсуден қорғау шараларын талқылайтын болады.

Күн тәртібіндегі мәселе - Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасы және бірнеше рет ядролық заряд пен түрлі қашықтыққа ұшатын змырандарды сынақтан өткізгені туралы мәлімдеген бұл мемлекеттен келетін болашақ қауіп-қатер.

АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісінің орынбасары Бен Родс саммит ядролық материалдардың терроршылар қолына түсудің алдын алатын мәселелерді қарастыруға себін тигізетінін айтты. Оның сөзінше, 2010 жылы Вашингтонда өткен алғашқы саммиттен кейін ядролық заттарды сақтау мен күзетуге байланысты көп іс атқарылған. Родс сонымен бірге, самммитке қатысудан бас тартқан Ресейдің «өзін-өзі оқшаулағанын» мәлімдеді.

Ресей президентінің баспасө хатшысы Дмитрий Песков саммитке қатысудан бас тарту себебін «форумның тақырыбы мен сұрақтарын алдын-ала пысықтау барысында өзара әрекеттің болмағанымен" түсіндірді.

Cаммит АҚШ президенті Барак Обаманың бастамасымен 2010 жылдан бері екі жылда бір рет өткізіліп келеді. Алғашқы екі форумда Ресей делегациясын сол кездегі президент Дмитрий Медведев бастап барса, үшінші басқосуға Ресей атынан сыртқы істер министрі Сергей Лавров барған.

Абай-ақпарат

0 пікір