Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Қоғам 5320 0 пікір 5 Сәуір, 2016 сағат 16:22

ӘЗІРБАЙЖАН РЕСЕЙЛІК БАҚ-ТЫ ЕЛДЕН ҚУЫП ШЫҚТЫ

Таулы Қарабақтағы жанжал туралы бұрмаланған ақпараттар таратқан ресейлік БАҚ өкілдерін Әзірбайжан Үкіметі елден қуып шыққан.

Әзірбайжандық «Oxu.Az» порталының мәліметтеріне сүйенсек, Таулы Қарабақтағы жанжалдар туралы біржақты және шындыққа жанаспайтын ақпарат таратқан «LifeNews арнасының тілшілерін елден қуып шыққан.

Бұл туралы Әзірбайжан Республикасының сыртқы істер министрі Хикмет Гаджиев мәлімдеген.

Гаджиевтің айтуынша, ресейлік арналар қарулы қақтығыстар жүріп жатқан Әзірбайжан территориясында аккредитациясыз ақпарат таратумен, мәліметтерді бұрмалаумен және провокациялық материалдар жасаумен айналысқан.

Естеріңізде болса, біз осының алдында Қарабақтағы жанжалдарға қатысты мақала жариялаған болатынбыз (http://abai.kz/post/view?id=7377).

Онда Таулы Қарабақтағы Армения мен Әзірбайжан арасындағы жанжалдың ушығуына Ресей мүдделі екендігі айтылған. Әсіресе, ресейлік БАҚ-тың дезинформациялық саясаты әм ресейлік пропоганда дәп-дәл Украина жанжалдарын еске түсіруі мүмкін екендігі айтылған.

Мысалы, Қарабақ жанжалдарында ресейлік БАҚ-тың да рөлі басым еді. Қарабақ жанжалы қайта тұтанған сенбінің түнінде  ресейлік БАҚ Қарабақта жүрген еді (қандай жолмен және қалай соғыс ошағында ресейлік БАҚ жетті белгісіз). Дизинформациялық саясатты жақсы ұстанған ресейлік БАҚ ресейлік пропоганданы насихаттауға кірісті. Дәлірек айтсақ, Қарабақтағы қақтығыстарға АҚШ пен Ердоғанды кінәлау басталды. Бұл өз кезегінде Украина дағдарысын еске түсіреді.

Ал кеше РФ Думасының дүмше депутаты Жириновский Армения мен Әзірбайжан арасындағы жанжалдарды реттеу үшін Ресей ҚК көмегі керек екендігін айтып Дума мінберінде сөйлеген.

Abai.kz 

0 пікір