Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 4182 0 пікір 27 Сәуір, 2016 сағат 08:51

Өзбекстан зейнеткерлері қолма-қол ақша ала алмай отыр

Өзбекстанның батысындағы Нүкіс қаласында зейнеткерлер зейнетақысын алу үшін түн жарымында банк алдында кезекке тұруға мәжбүр. Орталық Азия жаңалықтар Қызметі ақшаның бәріне бірдей жетпей жатқанын хабарлайды.

67 жастағы Нүкіс қаласының тұрғыны Үббинияз ақсақал бір апта бойы зейнетақысын ала алмай жүргенін айтты. Оның сөзінше банк алдында таң алакеуімнен ұзын-сонар кезек тұрады. Кезегің келгенше банктегі ақша бітіп қалады.

Зейнеткерлер барлық ақшаның төлем карталарына аударылғанын айтады. Банктің келісімшартында ақшаның 40 пайызы қолма-қол ақшамен төленуі керектігі туралы жазылған. Енді түн ортасынан кезекке тұратын қарт кісілер таң ата кезек үшін кейде дауласуға мәжбүр.

Қолма-қол ақшаның жоқтығынан, азаматтардың жалақысы, зейнетақысы мен өзге де әлеуметтік төлемдерді жаппай төлем картасына аудару кейде мағынасыз жайлар тудыруда. Төлем терминалдары өте аз, ал ақша беретін банкоматтар мүлдем жоқ елде адамдар ұзын-сонар кезекке тұруға мәжбүр.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1582
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2281
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3613