Жұма, 19 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4015 0 пікір 27 Сәуір, 2016 сағат 08:54

"Чернобыльдіктердің" балалары дерттен көз ашпай отыр

Чернобыль АЭС-індегі апат зардаптарын жоюға 2 мың тәжікстандық қатысқан, олардың 500-і көз жұмды.

Сұмдық ядролық апаттың зардаптарын жоюға қатысқан тәжік ардагерлері одан бері 30 жыл өтсе де, сол апаттың зардабын әлі тартып отырғандарын айтады.

"Чернобыльдіктердің одағы" қоғамдық ұйымының төрағасы Фаридун Хакимов апат салдарын жоюға қатысқандардың 1 833 баласы мүгедек боп туғанын айтады.

Хакимовтың айтуынша Тәжікстан кезінде «Чернобыль АЭС-індегі апаттан зардап шеккен азаматтарды қосымша әлеуметтік көмек көрсету бойынша қосымша шаралар туралы» шешім қабылдаған, алайда елдегі азамат соғысына байланысты ол жүзеге аспай алған. Тек 2007 жылы Тәжікстанда сол апаттан зардап шеккендерге әлеуметтік көмек көрсететін арнайы заң қабылданды.

Абай-ақпарат

0 пікір