Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 4352 0 пікір 27 Сәуір, 2016 сағат 08:56

Кремль Обаманың Путин туралы мәлімдемесіне жауап берді

Мәскеу АҚШ президенті Барак Обаманың Ресей президенті Владимир Путиннің НАТО мен Еуропалық Одақты төнген қауіп ретінде қарастыратыны туралы сөзіне пікір білдірді.

Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков журналистерге шын мәнінде НАТО Ресейді қауіп ретінде көретіні, ал Мәскеу барлық елмен, ұйымдармен жақсы қарым-қатынаста болғысы келетіні туралы мәлімдеді. «Кімнің кімге қауіп төндіретіні туралы мәселеге келсек, бұл жерде соңғы жылдары Брюссельдегі штаб-пәтер мен НАТО басшылығының өкілдері тарапынан дәл Ресейді өздерінің басты қауіп ретінде қарастыратыны жайлы мәлімдемелерін еске салғым келеді», — деді Песков.

Бұған дейін АҚШ президенті Барак Обама CBS телеарнасына берген сұхбатында НАТО мен Еуропалық Одақты қауіп-қатер ретінде қарастыратын президент Путиннің қателестіні жайлы және мұны ресейлік әріптесіне бірнеше мәрте айтқанын мәлімдеді. «Мен мұның қате пікір екенін өзіне де айттым, өйткені шындығында сыртқы әлеммен әріптестік орнатуға дайын Ресей берік, бірегей Еуропамен жақсы қарым-қатынастан болуы керек. Ол әлі күнге осыған көзін жетізе алмай отыр», — деді АҚШ президенті.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1582
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2281
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3614