Жұма, 29 Наурыз 2024
Алаң 10507 0 пікір 27 Сәуір, 2016 сағат 09:25

ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ПӘНДЕРІ БІРІКТІРІЛЕДІ. НЕГЕ?

Кеше ҚХА-ның XXIV сессиясына қатысып, елде болып жатқан жағдайларға қатысты сөз сөйлеген Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев білім беру саласындағы реформаларға да ерекше тоқталып өтті. Оның айтуынша, мектептегі бірқатар пәнді біріктіру қажет деп жазады baq.kz.

Елбасы сондай-ақ, халық арасында түсіндіру жұмыстарының дұрыстап жүргізілмегенін де айтты. 

«Халыққа ашық Үкіметті түсіндіру жұмыстары ақсап жатыр. Біз өндіретін, жасайтын істерді халыққа түсіндіру қажет. Барлығы бірдей кешке қарай теледидар алдында отырмайды. Оларға жұмыс істеу керек. Барлығы бірдей газет те оқымайды. Бізде «Нұр Отан» партиясы, Ассамблея, жергілікті атқарушы органдар бар. Олар ауылдарда, аудандарда мұның не үшін қабылданғанын түсіндіруі керек. Алдымен ҚР Білім және ғылым министрлігі аталған мәселелерді оқытушылармен талқылауы қажет. Менің ойымша, қазақ тілі мен әдебиетін бір пән жасауға, орыс тілі граматикасы мен әдебиетін, тарих пен географияны бір пән ретінде қосқан дұрыс», - дейді Н.Назарбаев.

Айта кетейік, жуырда ҚР Білім және Ғылым министрі Ерлан Сағадиев жаңа оқу жылынан бастап мектептер 5 күндік оқыту жүйесіне көшетінін және жазғы демалыстың уақыты бір айға қысқаратынын айтқан болатын. Сондай-ақ, реформаға сәйкес, 2019 жылдан бастап бүкіл мектептер үштілді білім беру жүйесіне көшуі тиіс. Алайда, аталған реформалар халық арасында қолдау таппай, ата-аналар Елбасының атына қарсылық петициясын жазған еді.

Енді қалың бұқара қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің біріктірілгенін қолдай ма? Үш тілді мектептер жүйесін қалыптастырған кезде негізгі техникалық пәндер ағылшын тілінде өтетіні белгілі. Қазақ тілінде өтетін екі бірдей пән бір пәнге қысқарып қалса, мектептегі қазақ тілінің аясы тағы да тарыла түспей ме? География мен тарих пәндері де бір пән болуы мүмкін. Бастапқыда география пәні ағылшынша, Қазақстан тарихы пәні қазақша өтетіні айтылған. Бұл пән сонда ағылшынша өте ме, қазақша ма? Ағылшынша өтсе, қазақ тілінде оқитын пән қалмайын деп тұр.

Шәріпхан Қайсар

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1578
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2275
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3591