Жұма, 19 Сәуір 2024
Жөн-ақ 9139 10 пікір 27 Сәуір, 2016 сағат 18:24

КӨШ: ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАННАН СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАНҒА!

Мемлекет басшысы арта түскен демографиялық дисбаланс жаңа көші-қон толқындарын қалыптастырып, әлеуметтік шиеленісті күшейтетінін айтып жүр.

Қазірге кезде, ішкі көші-қон мәселесінде еңбек ресурстары мен демография мәселесі бойынша оңтүстік пен солтүстік аймақтар арасында теңсіздік орын алып келеді.

Осыған орай, Оңтүстік Қазақстан облысында ішкі көші-қон процесстерін реттеу және еңбек ресурстарының теңгерімділігін арттыру, халықты біркелкі жайғастыру мақсатында еңбек күші мол аймақтан, еңбек күші жетіспейтін  республикамыздың солтүстік өңірлеріне өз еркімен халықты қоныстандыру жұмыстары жүргізілуде.

Бүгінгі таңда Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары  мен Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдері арасында өзара ынтымақтастық Меморандумдар түзілді.

Облыста халқы тығыз орналасқан аудандармен ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді, арнайы жұмыс тобы құрылып іс-шаралар жоспары бекітілді.

Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде: 800 астам отбасы еліміздің солтүстік өңірлеріне қоныс аударуға ниет білдірсе, 50 отбасы халқы тығыз аудандардан Солтүстік Қазақстан облысына қоныс аударды.

Сонымен бірге, Шығыс Қазақстан облысына «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы шеңберінде 2014 жылдан бері Оңтүстік Қазақстан облысынан  107 отбасы қоныс аударуға ниет білдіріп, 20 отбасы (75 отбасы мүшесі) Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласынан тұрғын үй алып, отбасының барлық жұмысқа жарамды азаматтары жұмысқа орналасты. Бағдарламадан бөлек Шығыс Қазақстан облысына 100-ден аса Оңтүстік Қазақстандық қоныс аударды.

Елбасының берген тапсырмасын тағы да жандандыру мақсатында халқы тығыз орналасқан  Оңтүстік Қазақстан облысындағы Сарыағаш, Мақтарал аудандары мен Шымкент қаласында 2016 жылдың 27-29 сәуір аралығында Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстары өкілдерінің қатысуымен бос жұмыс орындар жәрмеңкелері мен «Серпін» бағдарламасы аясында жастармен кездесулер ұйымдастырылып жатыр.

Аталған іс-шараға республикамыздың 4 облысынан 41 мемлекеттік органдар мен оқу орындарының жауапты тұлғалары және жұмыс берушілерілер өкіл ретінде қатысу жоспарлануда (Солтүстік Қазақстаннан – 12 адам, Павлодардан – 12 адам, Қостанайдан – 9 адам, Шығыс Қазақстаннан – 8 адам).

27 сәуірде Мақтарал ауданында, 28 сәуірде Сарыағаш ауданында,                       29 сәуірде Шымкент қаласында шаралар өтіп, ОҚО әкімдігінде 4 облыстың делегация басшыларының қатысуымен шаралардың қорытындысы бойынша баспасөз конференциясы өтетін болады.

Кездесу соңында еліміздің Солтүстік Қазақстан облысына көшуге ниет білдірген азаматтарды салтанатты түрде шығарып салу рәсімін өткізіледі.

Ішкі көші қонды реттеу және Солтүстік өңірлерге қоныстандыру мен «Серпін» бағдарламасын насихаттау жұмыстары Мақтарал ауданынан басталды. Облыс әкімінің орынбасары Ұ.Сәдібеков аталған іс-шараны ашып, көшуге ниетті аудан тұрғындарына сәттілік тіледі. Сондай-ақ жергілікті халық Солтүстік өңірлерден келген өкілдермен сұхбаттасып, ұсынылып отырған бос жұмыс орындарымен танысты.

Abai.kz

10 пікір