Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4165 0 пікір 28 Сәуір, 2016 сағат 09:59

Өзбекстанда әншіні ашық киінгені үшін айыптады

"Узбекнаво" эстрадалық бірлестіктің басшылығы әнші Азиза Ниязметоваға сөгіс жариялап, сахналық мәдениет пен сыртқы келбет мәдениетіне қарсы шықпай, көрермендер сезімін қорламай, адамгершілікке тән әдепті ұстануды талап еткен.

Азиза Ниязметова бұл жайында әлеуметтік желіде өзінің 28 жыл бойында сахнада ән айтып келе жатқанын, таяуда ғана "Узбекнаво" эстрадалық бірлестігі басшылығы желіге суретін қойғаны үшін, шақыртқанын айтады.

- Менің әлеуметтік желіге жариялаған бір суретім шенеуніктерді "шалқасынан түсіріпті". Бұл жеңі жоқ, гүл ұстап түскен суретім болатын. Бұл сахнада емес, үйде түсірілген. Суретте тек ғана менің иығым ғана ашық көрінеді, - дейді әнші.

Алайда "Узбекнавоның" бас директоры Фарход Джураев қол қойған №248 құжатта Азиза Ниязметова ұлттық менталитетке, ұлттық құндылықтарға, ұлттық идеология мен дәстүрге сыйластықпен қарауы керек делінген.

Алдын сахнаға арқасы ашық көйлек киіп шыққаны үшін әнші Лола лицензиясынан айырылған. Енді өзбек шенеуніктері әншілердің әлеуметтік желілердегі суреттерін де тексереді екен.

Абай-ақпарат

0 пікір