Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3968 0 пікір 28 Сәуір, 2016 сағат 10:03

Путин ғарыш кемесіндегі ақаудың жиілеп кеткеніне алаңдайды

Ресей президенті Владимир Путин Восточный ғарыш айлағындағы бірінші ұшырылымды кейінге қалдырудың себебі зымыран-тасығыштағы кінәраттан емес, ғарыш айлағының өзінде проблема бар дейді. Путин бұдан нәтиже шығаруын бұйырды.

Восточный ғарыш айлағына баға берген Путин көп істер жасалынды, бірақ құрылысты жүргізу барысындағы жемқорлық кезінде алты бірдей қылмыстық іс қозғауға тура келді деп мәлімдеді. Оның сөзінше, айыпталушылардың кінәлары дәлелденсе, олар үйқамақтағы жылы төсектерін түрмеге темір төсекке ауыстыратын болады.

Восточный ғарыш айлағының құрылысына 400 миллиард рубль бөлінген. Мұны Ресейдегі соңғы жылдардағы ең коррупциялық жоба деп атайды. Оның құрылысы 2012 жылы басталған, 2015 жылы аяқталуы тиіс болған. Бірақ жемқорлық кедергі келтірген. Бас прокуратураның мәлімдеуінше, құрылыс кезінде 7,5 млрд рубль ұрланған.

Абай-ақпарат

 

0 пікір