Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
Әкім мен халық 8179 0 пікір 29 Сәуір, 2016 сағат 11:40

ЖАҚСЫБЕКОВ ЖЫРЫ. АСТАНАДАҒЫ «САСЫҚ ИІСТІ» ҚҰРТУ ҮШІН ЖҰМСАЛҒАН 6 МИЛЛИАРД ҚАЙДА КЕТТІ?

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Астана төңірегіндегі жағымсыз иіс шығарып тұрған Талдыкөл тоғанына қатысты Астана әкімі Әділбек Жақсыбековке қатаң ескерту жасады,-деп жазады Total.kz порталы.


«Тасмағамбетов алты жылда  түк бітірген жоқ (Елбасының аталған тоғанға қатысты қаратып сөйлеген сөзі – ред.). Енді сен де ештеңе істей алмай отырсың. Сасып жатыр.  Егер осы мәселені биыл шешпесең, Талдыкөлдің жанынан киіз үй тігіп беремін. Сасық иісті иіскеп, сонда тұратын боласың. 6 миллиард жұмсадыңдар, нәтиже болса жоқ. Мынадай сасық иісі мүмкіп тұрған қалаға кім келеді, айтшы? Тек қана тапсырма беріп, мемлекет қаржысына қанша жоба ұсынылды. Кім жауап береді? Қашан мәселе шешіледі? Осы шаруаға жауапты барлығыңа, Үкіметке тапсырма беремін. Талдыкөлдің сасық иісін жойыңдар.Масқара! Біз Елордамыз осындай деп мақтанамыз кеп. Астанамыз сасып жатыр... 2017 жылы ше? 2017 жылы ЭКСПО болатын кезде қайтесің?»,- деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Елбасының қатаң сынына Жақсыбеков жақ ашпағанымен, оның орынбасары Қосман Айтмұхаметов жауап беріп көруге тырысқан. Ары қарай Президент пен әкімшіліктегі лауазымды басшылардың арасындағы диолог:

-Қазір біз аталған тоғандағы сасық судың мөлшерін 2200-ден 1600-ге дейін төмендеттік.

-Сен маған мынаны айт, сасық иісті біржолата жоғалту үшін не істеу керек? Дәл осы жылы, 2016 жылы?

-Уже ол жерді 37 пайыз тазарттық...

- Қайда?  Сасық суды қайда жібердіңдер?

-Жоқ. Жыл соңына дейін біз аталған проблеманы толығымен шешеміз.Тоғандағы барлық шламдарды тазалап шығамыз.

-Вот, сол шламдар сасық иіс шығарып тұрған. Оны енді қайда жіберіп жатырсыңдар?

- Олар бізде геотекстильді қаптарда. Одан сасық иіс шықпайды. Мұндай иісті тоғандағы газ шығарады екен.

-Ондағы ескі суды тазалап, ауыстыру керек! Қашан істейсіңдер? Биыл біте ме?

-Біз биылғы жылдың соңына дейін ондағы су көлемін 20 миллионға дейін азайтамыз. Қазір бұл 58 млнды құрап тұр...

-Естігім келмейді. Ол өздеріңінің шаруаларың.Сол үшін сендеге жалақы төлеп отырмыз ғой. Сен маған мына айт. Қашан аяқтайсыңдар? Биыл ма?

-...келер жылы...

-Мен биыл бітіресіңдер деп отырмын!

 -Біз барлық шаруаларды биыл бітіру үшін бар күшімізді саламыз.

-Егер мәселені биыл шешпейтін бослаң, мен сені жұмысыңнан босатамын. Түсіндің бе? Саған не керек екенін қазір айт. Жауакершілікті мойныңа алған екенсің, мәселені шешуге міндеттісің.Саған осыны қанша рет айттым?І. Саған сұрағандарыңды бердік қой. Ақша бар, мүмкіндік бар. Не істеу керек екенін жақсы білеміз. Сен коммуналды қызмектерсің, не істеу керек екенін жақсы білесің. Әкім саған көмектеспей ме?

Осы жерден Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков мырза сөзге араласып, орынбасарына араша түскен.

«Біз быиыл бұл мәселені толық шешеміз, Нұрсұлтан Әбішұлы»,-деді Жақсыбеков.

«Биыл сасық иіс болмайды ғой?»,-деп қайталап сұрады Елбасы.

«Биылғы жылдың соңына дейін Астанадағы сасық иіс мүлде болмайды!»,-деп түйіндеді Жақсыбеков мырза.

Нұрзат Тоғжан

Abai.kz

0 пікір