Дүйсенбі, 21 Қазан 2019
Жаңалықтар 2329 0 пікір 3 Мамыр, 2016 сағат 11:02

"Түнгі қасқырлар" Польшаны айналып, Еуропаға өтіп кетті

Ресейлік "Түнгі қасқырлар" кремльдік клубының байкерлері "Жеңіс жолы – Берлинге" мотожорығымен Польшадан өтуге тыйым салса да, Еуропаға келді.

Бұл жөнінде ТАСС агенттігі жорықтың жетекшісі Андрей Бобровскийге сілтеме жасап, хабарлайды. Оның сөздерінше, қазір байкерлер Словакияда, сейсенбі күні Брноға (Чехия) барады.

Бобровский клуб мүшелерінің Польшаны кесіп, қалайша Еуропаға келгендіктерін құпия деп атап отыр. Ол қазір жорықтың құрамында 20-шақты адам бар екенін, тағы да жаңадан қатысушылар қосылатынын айтады.

29 сәуірде Польшаның СІМ билік "Түнгі қасқырлар" клубының мүшелерін аумағына өткізбеу туралы шешім қабылдағанын мәлімдеген болатын.

"Түнгі қасқырлар" клубының лидері Александр Залдостанов ЕО мен АҚШ-тың аумағына кіре алмайтын "қара тізімге" енген болатын.

Абай-ақпарат

0 пікір