Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Қырдағы әңгіме 5919 1 пікір 3 Мамыр, 2016 сағат 11:30

ӘЛЕМДІК БАҚҚА ШОЛУ: ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫ ҮШ ТІЛДІЛІК МӘСЕЛЕСІ МҮЛДЕ АЛАҢДАТПАЙДЫ

Соңғы кездерде елімізде болып жатқан оқиғаларға шетелдік басылымдар да назар аударып, түрлі мақалалар жариялауда. Біз бүгін сырт көз не деп жатқанын оқырман қауымға жеткізу үшін бірнеше материалды аударып назарларыңызға ұсынып отырмыз.

Abai.kz 

LENTA.RU: «Қазақстанда шетелдіктерге жер беруге қарсы наразылық шеруі өтті»

«Қазақстанның Ақтөбе және Семей қалаларында бірнеше мыңдаған адам шетелдіктерге жер беруге қарсы наразылық акциясына шықты. Қазақстандықтардың ашуын туғызған мәселе – қазақ жерін шетелдіктерге 25 жылға жалға беру туралы ҚР Жер кодексіне енгізілген өзгертулер болған. Ал 24 сәуір күні дәл осындай митинг Атырау қаласында өткен болатын. Кейінірек Қазақстан Президенті тұрғындардың мұндай реакциясын – спекуляция деп бағалап, арандатушыларды қатаң жазалауға бұйрық берген. Қазақстандық әлеуметтік желі қолданушылардың бірі Сырым Әбдірахманов өзінің «Фейсбук» желісінде былай деп жазады: «Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев пен өзге де құзырлы органдардан өтінеріміз – сабырлы болыңыздар. Олар өздеріңіздің бауырларыңыз ғой. Ешқандай күш қолданбаңыздар».

REGNUM.RU: «Қазақстандағы митинг – көп уақыт босқа өтті»

«Қазір Қазақстанның үш бірдей өңірінде жерді шетелдіктерге жалға беру туралы Қазақстан Үкіметінің бастамасына қарсы наразылық шерулер өтті. Бір қызығы – жерді шетелдіктерге сату немесе жалға беру туралы шешім 2015 жылы қабылданғанымен, наразылық акциялары енді ғана өтіп жатыр. Ал Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясына қатысқан Президент Назарбаев жердің қытайлықтарға сатылмайтынын айтқан еді. Қазақстанда жерді жалға берумен қатар білім саласында да жаңа реформа қабылданып, қазақстандық мектептерге үш тілділікті енгізу жоспарланып отыр. Соңғы жағдайларға қарағанда, қазақстандықтарды бұл енгізілген үш тілділік мәселесі мүлде алаңдатпайтын секілді. Қазақстан Президенті өз сөзінде аппараттың идеологтарының жұмысын сынға алып, Жер кодексіне енгізілген өзгертулерді халыққа дұрыс түсіндірмегенін  жеткізген еді. Мұндағы мәселе Қазақстандағы жергілікті басқару орындарында халықпен етене жұмыс жүргізетін әкімдер саусақпен санарлық қана.  Ал қалғандары лозунгтар толтырумен ғана айналысып, халықтың алдына шығуға талпынбайды. Ал халықтың проблемасы күн санап арта түседі. Сондықтан қазір Қазақстанда жер үшін митинг өтіп жатыр, ал ертең тіл үшін, одан кейін тағы бір мәселе шыға береді».

THEDIPLOMAT.COM: «Жер кодексіне енгізген өзгертулер халықтың наразылығын тудырды»

«Қазақстанның Атырау қаласында қоғам белсенділері мен тұрғындар Жерді шетелдіктерге сатуға немесе жалға беруге қарсы наразылық акциясына шықты. Белсенділер бейбіт шеру өткізу үшін жергілікті билік өкілдерінен рұқсат сұраған. Алайда ондағылар Атыраудағы орталық алаңға шеру өткізу үшін рұқсат бермеген. Дегенмен халық өз талаптарын билікке жеткізу үшін алаңға жиналған. Қазақстанның билігі таратқан ресми ақпараттарда алаңға бірнеше жүз ғана адам жиналған. Алайда әлеуметтік желілер мен жергілікті БАҚ-та жарияланған бейне жазбалардан акцияға жиналғандардың бірнеше мыңнан асып жығылатынын көруге болады. Қазақстанда 2,7 миллион шаршы шақырым жер ауылшаруашылық мақсатында пайдалануға жарамды болғанымен, ол жерлер қазіргі таңда қолданысқа берілмеген. Тағы 602,000 шаршы шақырым жер телімі мемлекет тарапынан қорғауға алынған табиғи қорықтар санатына жатады. Қазақстандағы Жер кодексіне енгізілген өзгертулер Президент Назарбаевтың 100 нақты қадам жоспарына бағытталған 5 институциялық реформаның 3 бірдей бөліміне сәйкестендіріліп өзгертілген. Бұл дегеніңіз – Қазақстандағы бос жатқан жер телімдерін тұрғындарға сату немесе шетелдік компаниялармен бірлескен жобаларды іске асыруға рұқсат етіледі деген сөз».

REUTERS.COM: «Назарбаев Украинадан мысал келтірді»

«Қазақстан Президенті Назарбаев жер мәселесіне қатысты жер-жерлердегі толқуларға байланысты халықты басуға шақырып, Украинадағы жағдайлардан мысал келтірді. Алматы қаласында 1 мамыр ұлттар бірлігі мерекесіне қатысқан Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев халықты бірлікке шақырып, 2013-2014 жылдардағы халықтың көшеге шығып, ереуілдеуінің арты Виктор Янукович билгінің отставкаға кетуіне және Украина экономикасының дағдарысқа ұшырауына әкеп соқтырғанын айтты».

BBC.COM:  «Қазақстандағы жер реформасына қарсы наразылықтар»

«Қазақстандағы бұл кодекстегі өзгертулер Қазақстан халқының үрейін туғызып отыр. Қазақстан Үкіметінің ауылшаруашылқ жер телімдерін қытайлық инвесторларға беруге қарсы наразылық акцияларын ұйымдастырушы белсенділердің де негізгі талаптары осы. Бұл Қазақстан халқы үшін өте эмоционалды сұрақ. 27 сәуір күні Ақтөбе қаласында өткен шеруге қатысушы демонстранттардың бірі «Біз қытайлықтарға жер бере алмаймыз. Егер олар келсе мүлде кетпей қояды» деп ұрандады. 17 миллион халқы бар Қазақстан тұрғындары шығыстағы үлкен көршілеріне есе жіберіп алмау үшін – оларға жерді сатуға да, жалға да беруге болмайтынын айтуда.»

Ағылшын тілінен аударған Нұргелді Әбдіғаниұлы

Abai.kz 

 

1 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2256
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3530