Жұма, 29 Наурыз 2024
46 - сөз 5142 0 пікір 3 Мамыр, 2016 сағат 12:38

МАКСИМ РОЖИН ҚАЗАҚТАН АРТЫҚ ЕМЕС

Максим Рожинның қазақ туралы айтқанын мен де бөлістім. Дұрыс айтқан, жақсы айтқан. Бірақ, оған пікір жазушылардың оны бір ауыз сөзі үшін "Қазақтан артық" деп өз қазағыңды одан төмендеткеніне келісе алмаймын.

Біздің қаншама қазақ олардың тілімен сөйледі, олардың тілінде әдеби шығармалар жызып келді, олардың ғылымына әлі күнге дейін үлес қосып еңбектерін жазып келеді. Сол кезде қай орыс мына қазақ орыстан артық деді? Сол сияқты, қытайдың, ағылшынның, жапонның тілінде еркін сөйлеп, олардың артықшылықтары болса айтып жүрген, соларға қызмет жасап жүрген қазақтарымыз бар. Соның қайсысын олар бізден артық деді? 

Максим Рожинның Қазақ Елінде туылып, Қазақтың дәмін татып жүрген соң олай айту оның азаматтық парызы. Ол тек асымызды ішіп, аяғымызға саңғырып жүргендер үшін ғана үлгі болады. Максим Рожинн сол қандастарына өз үндеуін тастады. Ал біз өз қандастармызды одан төмендетпей, өзіміз қатарымызға қосуымыз керек.

Тұрдыбек Құрметхан

Facebook-тегі парақшасынан

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1567
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2261
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3549