Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Білгенге маржан 7091 1 пікір 3 Мамыр, 2016 сағат 14:19

ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ 25 ЖЫЛДЫҒЫН 25 ЕЛДЕН КЕЛГЕН ӨРЕНДЕР АТАП ӨТТІ

Астана қаласында Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына және 1 мамыр Қазақстан бірлігі күніне орай «KATEV» Халықаралық қоғамдық қоры ҚР Білім және ғылым министрлігі және Қазақстан халқы Ассамблеясымен бірге «Жарқын болашақ» деген атаумен Халықаралық тіл және мәдениет фестивалін өткізді. Бұл фестивалді бұған дейін «KATEV» Халықаралық қоғамдық қоры республикалық қазақ тілі олимпиадасы ретінде ұйымдастырып келген болатын. Биылғы шара жылдағыдан өзгеше болды. Қазақстан Республикасының 25 жылдығына орай 25 елден оқушылар шақырылып, сол жас өрендер Астана төрінен өз өнерлерін көрсетті.

Фестиваль аясында өткен концерттің шымылдығы Африка құрлығынан келген ФОЛ МБЕГИ мен қазақстандық Ерлан Әбдіхалықтың орындауындағы "Үш қоңыр" әнімен ашылды.  

Сенегалдық Фол Мбегиге бұл әнді еліміздегі қазақ-түрік лицейінде бірнеше жыл қызмет еткен түрік азаматы үйреткен көрінеді. 

Осылай басталған концертте әр елден келген жасөспірімдер бар өнерін салып, Астана жұртшылығын серпілтуге тырысты. Алматыда өткен Республикалық «Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасында І-ші орын иегері Дина Мурашева "ДАТ"поэмасынан үзінді оқып, елдің ыстық ықыласына бөленді. 

Белгілі әнші Ибрагим Ескендір және 8-ші Республикалық «Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасының «Әнші бұлбұлдар» номинациясының гран-при иегері Жаңабаев Абзал мен Угандадан келген Бирумасу Роджерс бірігіп айтқан қазақ әні зал толы жұртшылықтың зор қошеметіне ие болды.

Осындай әсерлі сәттері көп кешті қортындылау барысында шараны ұйымдастырушы  «KATEV» халықаралық қоғамдық қорының президенті Дархан Өте біраз сүйінші хабарларды қалың жұртшылыққа жеткізді

Биыл «Жарқын болашақ» олимпиадасының 42 жүлдегеріне еліміздің жоғары оқу орындарының білім гранттары беріліпті. 

«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақ тілі ғажап тіл, тек біз оны насихаттай білуіміз керек», деген сөзін ту етіп, жыл сайын «Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасы өтіп келеді. Бұл олимпиаданы өткізудегі басты мақсат — мемлекеттің мәртебесін көтеру, қазақ және өзге ұлт өкілдерінің қазақ тіліне деген қызығушылығын арттыру, оларға ұлттық құндылықтарымызды, салт-дәстүрімізді, тарихымызды бойына сіңіру арқылы «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясын жүзеге асыру болып табылады», — деді ол.

Дархан Өтенің айтуынша биыл 8-ші рет өткізілген «Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасына еліміздің түпкір-түпкірінен 5 мыңға жуық дарынды жастар қатысып, 172-сі жеңімпаз атанған және олардың 42-сіне жоғары оқу орындарының білім гранттары табысталған.

«Осы жолы олимпиадаға бірінші рет Қырғызстан, Өзбекстан, Моңғолия және Алтай өлкелерінен келген қандастарымыз қатысты. Кіндік қаны тамған жерге келген бірқатар қазақ баласына да жоғары оқу орындарының гранттары бөлініп, оларға Атажұртында білім алуға жағдай жасалды», — деді Д.Өте.

Осылайша «KATEV» Халықаралық қоғамдық қоры шетелдегі қазақ қандастарымыздың елімізде білім алуына жағдай жасап жатқаны айтылды. Ұйымдастырушылар шетелдегі қазақ балаларына ата-бабаларының кіндік қаны тамған жерінің әсемдігін көрсетіп, олардың елжандылық сезімдерінің оянуына мүмкіндік жасап жатырмыз дейді.

"Мұның сыртында әлем халықтарының достығын нығайтып, жасөспірімдер арқылы Қазақстанның қандай ел екенін әлемге насихаттамақшымыз" дейді олар. 

Бұл олимпиадаға оқыту тіліне қарамастан, мемлекеттік және мемлекеттік емес жалпы білім беретін мектептердің, лицейлердің, гимназиялардың арасында еліміздің барлық облыстарынан келген қазақ тілі мен әдебиеті бойынша 7-11 сынып оқушылары 5 бағыт бойынша («Тілші-әдебиетшілер», «Жас ғалымдар», «Жазушылар», «Сөз шеберлері», «Әнші-бұлбұлдар») білімін сарапқа салған болатын.

Айта кету керек,«Жарқын болашақ» олимпиадасы 2008 бері, қазірге дейін 7 рет республикалық деңгейде ұйымдастырылды, жыл сайын оған 1000-нан астам мектеп пен 5000-нан астам оқушылар қатысуда, олардың 118-не алдыңғы қатарлы ЖОО-да білім алуларына мүмкіндік беретін білім гранттары табысталған.

Abai.kz

 

1 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2252
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3505