Бейсенбі, 18 Сәуір 2024
Деп жатыр 4906 0 пікір 4 Мамыр, 2016 сағат 10:45

ЕСКІ ҺӘМ ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ КӨЗІМЕН

Желіде Н.Назарбаев туралы «Жұлдыздар тоғысқанда» фильмі туралы талқы аз емес әрине. Фильм 1984 жыл мен 1991 жыл аралығындағы кезеңді қамтиды. Туынды жаңа тәуелсіз мемле­кет­тердің құрылуы, соның ішінде Қазақстан Рес­публикасы туралы баяндайды.


Бұдан бөлек, картина Қазақстанның Тұңғыш Президентінің елді реформалаудағы рөлі, сондай-ақ, оның бүгінде жаһандық ауқымдағы жобаларға айналған бастамалары жөнінде әңгімелейді.

Фильм режиссері – Ресей Федерациясы Мем­лекеттік сыйлығының лауреаты, Ресейдің халық әртісі Сергей Снежкин. Кинолента Алматыда және Ал­маты облысында, Астанада, Қарағандыда, Мәс­кеу мен Санкт-Петербургте түсірілген. Карти­наны сомдау жұмысына жалпы саны 10 мыңға жуық адам қатысқан.

27-сәуір күні «Ел­басы жолы: Жұлдыздар тоғысқанда» кино­эпо­пеясының премьералық көрсетіліміне Президент Назарбаевтың өзі барып қатысқан еді. 

Ресейлік режиссер Сергей Снежкиннің "Жұлдыздар тоғысқанда" атты фильмі - Ұлт көшбасшысы, Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев туралы кинотуындылардың кезекті сериялары.

Кинокартинада оқиға желісі бірінші жақтан баяндалады. Азиялық диктаторға ұқсайтын бұрынғы кеңестік-партиялық бастықпен кездесемін деген оймен келген шетелдік журналсике президент сұхбат береді.Өткір әрі ыңғайсыз сұрақтарына ашық, еркін жауап беріп отырған президент тілшіні таң қалдырады. Оған кеңестік және посткеңестік кезеңдегі тарихи мәліметтерге жаңа көзқараспен - Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш президенті атанып, жаңа демократиялық қоғам құруда мойнына ауыр жүк түскен Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көзқарасымен қарауға тура келеді.

3 сағаттан астам уақытқа созылатын фильм түсірілім тобының кәсіби жұмысының арқасында және режиссура мен актерлік шеберліктің көмегімен көрермендерді жалықтырмайды. Берік Айтжанов өзінің актерлік қабілетін шебер қолданып, Қазақстан Министрлер кеңесінің төрағасы, Қазақстан Компартиясының алғашқы хатшысы, Қазақстанның тұңғыш президенті рөлін жақсы ойнап шығады. Ол ішкі монологты сөзсіз жеткізіп, ірі пландағы кейіпкердің ішкі жан-дүниесін көзбен ғана көрсете алады.

Ақан Сатаевтың "Ана жүрегі" фильмінде мейірімді ана рөлін сомдаған Алтынай Нөгербек бұл картинада Сара Алпысқызының образын қатал, бірақ президентке, Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа лайық әділетті әрі дана әйел ретінде көрермендер назарына ұсынады.

Актерлері ұтымды таңдалған фильмге қазақстандық актерлерден бөлек ресейлік, америкалық, мысырлық және қытайлық актерлер тартылған.

"Жұлдыздар тоғысқанда" кинокартинасы көрермендерге жол тартты. Бірнеше көріністерінде кеңестік кезеңнің танымал саяси тұлғаларының образы сомдалған. Бұл көрермендерге түрлі көзқарас қалыптастыруға септік болады. Өткен тарих туралы туындының тағдыры осындай.

PS: аталған фильмнің режиссері, Ресей Федерациясы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Ресейдің халық әртісі Сергей Снежкин Алматыдағы «Қазақфильм» киностудиясына орынбасар болып тағайындылған. 

Abai.kz

 

 

 

 

 

0 пікір