Сәрсенбі, 17 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4111 0 пікір 5 Мамыр, 2016 сағат 13:44

GM Uzbekistan ісіне қатыстылар ұсталды

Өзбекстанда GM Uzbekistan автоконцерн ісіне қатысты ондаған адам ұсталды. Ұсталғандардың ішінде GM Uzbekistan'ның бас директоры Тохиржон Джалиловтың да ұлы бар екені айтылады. Джалиловтың өзі өткен аптаның соңында тұтқынға алынған. Оған компаниянның ақшасын алаяқтық жолмен иемденді деген айып тағылған.

Джалилов "Ресейге автокөліктер экспортының сызбасын құрды" деп күдіктелінеді. Құжаттарға сәйкес автокөліктер Оңтүстік Қазақстанның орталығы Шымкент қаласында уақытша сақталған. Осыдан кейін Өзбекстанда қайта сатылған. Алдын Азаттықтың өзбек қызметі құпия дереккөзге сүйеніп, Джалиловтың Өзбекстан президенті Ислам Каримовтың ісіне араласқан үшін тұтқынға алынды деп хабарлаған болатын.

Қазіргі кезде Тохиржон Джалилов Өзбекстанның Ұлттық қауіпсіздік қызметінің тергеу изоляторында жатыр. Джалилов өзбек-америкалық GM Uzbekistan автоконцернді 2010 жылдан бері басқарып келген.

Абай-ақпарат

0 пікір