Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
Қоғам 7895 0 пікір 5 Мамыр, 2016 сағат 18:45

ҚАРАҚҰСОВА: БІЗДІҢ СОВЕТ ОДАҒЫНДА...

Қоғамдық ортада қотыр-қораш мәлімдемелерімен қоғамның талқысына түсіп жүрген Қарағұсова ханым БАҚ-қа берген сұхбаттарын бұрмалағаны үшін журналистерге кезекті рет өкпе ренішін жария етті.


Депутат ханымның айтуынша,  оның сөйлеген сөздерін бұрмалап, жұртқа жексұрын етіп көрсеткен журналистердің дені шала сауатты екен.

Қарақұсова ханымның өзінің айтпағынша, Мемлекеттің өкілі, депутат Гүлжан Қарақұсова ханымның ресми тілде берген сұхбатын мемлекеттік тілге сөзбе-сөз аударып бергенді жөн көрдік.

«Қазір өкінішке орай көптеген елдердегідей контекстен кесіп алып, оны сараптамайтын (анық-қанығына жетпей – ред.) үрдіс қалыптасты. Жалпы, сіздер, журналистер ең мықты сараптамашы болуларыңыз керек қой. Мен осыны әрдайым айтып келемін. «Поэтому у нас в Советском союзе порфессия журналиста пять лет, а вообще сначала получает базовую профессию. Он международник или экономист, или юрист и потом только становиться обазревателом.» (Қарақұсова ханымның бұл айтқандарын сөзбе-сөз аударатын болса, «Сондықтан біздің Совет одағында журналистерді дайындауға 5 жыл уақыт керек болған.., » дегенге саяды. Сонда Қазақстанның жаңа сайланған Мәжілісіндегі білдей бір қаржы және бюджет комитетінің төрайымы Қазақстан Республикасының Тәуелсіз мемлекет екенін білмей ме деген заңды сұрақ туады – ред.) Әрі қарай депутат ханым сөзін былай жалғайды; сіздердің сөздеріңіз халыққа жететін, ең соңғы сөз. Ешкім сараптама жасамады. Сол контекстен алынатын жерлер ғана алынды да қалғаны қалды. Оның ақырында шындыққа мүлде жанаспайтын пікірлер жазылды, айтылды.

P.S: Дәл бүгін, санаулы ғана сәттер бәлкім сағаттар бұрын Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев халықтың қарсылығын тудырған Үкіметтің жерді сату және шетелдіктерге жалға беру туралы Заң жобасына мораторий жариялап жатқанда, Мәжілістің комитет басшысы Қарақұсова ханым «аузым апамдыкі еді» деп ақталып, одан қалса өзінің бейсаяси мәлімдемелері үшін журналистерді кінәлап шықты. Ең сорақасы Мемлекет басшысының өзі жерді сатпақ түгілі жалға беруге болмайды деп жатқанда Қарақұсова ханымның «Біздің Совет одағында» деп сөйлеуіне жол болсын.

Айсұлу Тұрсынбаева

Abai.kz 

 

 

 

0 пікір