Жұма, 29 Наурыз 2024
Тарих 11598 13 пікір 11 Мамыр, 2016 сағат 10:07

ШЕЖІРЕ-МИФ, ГЕНЕТИКА ЖӘНЕ ШЫҢҒЫС ҚАҒАН (БАСЫ)

«...біздің мәдениетімізді, біздің психологиямызды, біздің рухымызды табандылықпен және байыппен қалыптастырған ата-бабаларымыздың өздері мекен еткен, жасаған, сүйген және жауларын өлтірген сол бір ғажайып дүниесіне бет бұратын уақыт болды. Мифке оралатын сәт келді...»

Серікбол Қондыбай

 

                            

Алшын – Алаш

 

«Аңыздың түбі ақиқат» дегенді басқа ұлт өкілдері: «Миф это одна из версий правды» десе,  «Арғықазақ мифологиясы» атты  төрт томдық ғылыми еңбек жазып кеткен Алаштың баласы, марқұм Серікбол Қондыбай: «Миф дегеніміз жасырын мағыналы мәлімет» деген еді.  Ал енді, мен өзімнің жазған «Бөрі найман» атты кітәбімде, осы Серікбол марқұмды естімеген, оның еңбектерін оқымаған кездерімде,  шежірелерде Леонардо да Винчидің коды сияқты жасырын мағыналардың бар екенін айтқан едім.  Яғни, шежіре дегеніміз миф, ешқандай да, Түрік ата, Маңғол ата, Алаш ата, Ақарыс, Жанарыс, Бекарыстар, Найман шал мен Жалайыр аталар тарихта болған емес,  бұл атаулардың бәрі де, Серікбол марқұм айтқандай, Қазақ шежіресіндегі жасырын мағыналы мәліметтер.  Бұндай жасырын мағыналардың мәнісін тек, Серікбол марқұм сияқты қасиетке, яғни, рухани қуатқа ие болған, бойларына қыдыр дарыған, аян көріпкелдігі басым, сезімі, яғни, интуициясы мықты, қанында шежірешілігі бар,  адамдар ғана түсіне алады. 

    Біз көтергелі отырған тақырыптағы Шыңғыс қағанның шыққан тегі де жұмбақ, қазасы да жұмбақ, моласы да жұмбақ. Сондықтан, осы құпияларды шешу үшін шежірені, деректерді, тарихті білу жеткіліксіз. Тылсым дүниесіз ғылымның дәстүрлі жолы біздерді ақиқатқа апара алмайды.

     Біздер қазіргі Ресей мұрағатындағы деректерден: «Лейтенант Кошкарбаев первым ворвался  в здание рейхстага» дегенді оқыдық.  Міне, Ұлы қазақтың бір қара балапаны жүздеген үлкен де, ұлы да, ұлттардың өкілдерінің ешбіреуіне кезек бермей, борап тұрған оқтарға жеңіс бермей Рейхстагқа бұзып-жарып кіріп ту тікті!  Мен неше жерден шежіреші болсам да, осы Рақымжан атаның, Бауыржан атаның,  Төлеген Тохтаровтың, Сабыр Рахимовтың,  Талғат Бигелдиновтың,  Қасым Қайсеновтың, Мәншүктің, Әлияның шыққан тектерін, яғни, руларын білмейді екенмін. Тіпті, білгім де, келмейді, өйткені, мен қазақпын, сондықтан мен оларды тек қана қазақтың ұл-қыздары деп білемін.  Ал енді, Шыңғыс ханның шыққан тегін білу біздерге, оның қазақ болғанын дәлелдеу үшін ғана керек.  Нағыз қазақ, өзін оның үрпағына жатқызу үшін тарихты зерттемейді. «Қанына тартпағанның қары сынсын» дегендей, оны қазақтың қанына тарту үшін зерттейді. 

     Серікбол Қондыбай марқұм: «Текті ұл тегін іздейді, тексіз құл несін іздейді?» деген екен.  Шыңғыс ханның шыққан тегін іздеп жүрген бір төрені көрген емеспін.  Тіпті, төрелердің шежірешісі Арман Қияттың өзіне менің: «Әй, айналайын, қашанғы «жабайы татар» болып жұре бересіңдер, төрелердің  тізімін жиғанша, шежіреден атаңның ізін қумайсың ба?»  дегенім де, болған. Бұлар аталарының ізін қуғанды қойып, Аман Шотаев деген біреуі өзін сұлтан атап, Қазақстандағы күллі төренің атынан сөйлеп: «Біздер, Шыңғыс ханның ұрпақтары ешбір руға мұқтаж емеспіз, сондықтан бізді руға тартушыларға қарсымыз!» деген екен. Бұлардың түбінің меркіт емес екендерін де, мен дәлелдеп берген едім. Осыған дейін күллі қазақ бұларды меркітке санаған. Бұл, шариғат жолында жүрмін деген сұлтансымақ Шыңғыс ханды сонда, нұрдан жаралдыға санап күпіршілік жасап, Аллаһқа серіктік етіп отыр. Бұндайларға Ұлы қазақ та, мұқтаж емес. 

     Біздер қаралар, олардың хандығын, сұлтандығын  баяғыда тартып алғанбыз. Бұл «жабайы татарлар» (қытайлар айтқан) ешқашан да, енді хандық құра алмайды, билікке келе алмайды. Өйткені, Шыңғыс қағандай адамды төрелер қайта дүниеге әкеле алмайды. Шыңғыс қаған сияқтының дүниеге енді бір келуін бұйыртса, онда, оны тек қана қан-қарындастықты сақтаған қазақтар ғана әкеле алады. Қазіргі төрелер қазақ халқының ішінде жәй ғана бір, руға кірмейтін жамағат болып қалған. Сондықтан да, мен кітәбімнің «Наймандар және төрелер» атты тарауында жазғандарымда, Шыңғыс ханның ұрпақтарының Найман хандарының ұрпақтарымен сүйек-шатыс болғандардың ғана төрелердің ең алды екендерін айтқанмын. Найманның ғұлама шежіресі Ғұлам Қадыр, Найманды билеген Көшек ханның: «Найман баспаған жер жетім, Найманнан қыз алмаған ер жетім» деген сөздерін біздерге жеткізіп кеткен еді.

    Қазақтар текті адамды «қаракөктің тұқымы» дейді.  Яғни, нағыз тектілер, нағыз қаракөктер, қарадан шыққан мына біздер - Ұлы қазақтармыз.  Мен төренің басын алмас қылышпен шауып тастаған найман Көкжал Барақтың қара шаңырағындағы ұрпағы боламын.  Осы жөнінде, белгілі ақын-жазушы, тіл қайраткері, Көкжал Барақ әулетінің  әйгілі келіні,  егемендік алғанымызда бабамызға  өз күшімен ең алғашқы ескерткішті қойдыртқан, бабамыздың жатқан жерін тапқан  ақнаймандық Шекербану жеңгеміздің  «Көкжал Барақ батыр» атты, тарихи деректердің негізінде жазылған кітәбінде айтылған. Сондықтан айтарым, осындай төрелерді қораздандырмай, рушыл болып Шыңғыс қағанға таласпайық,  бір қу керей айтты екен деп, төлеңгітті  төрге сүйреп бұларға күлкі  болмайық  ағайын!

     Шыңғыс қаған екі аяғы салбырап аспаннан  түскен жоқ.  Оны жер бетіндегі бір тайпа дүниеге әкелді.  Бізге бар болғаны,  сол тайпаның  Ұлы қазақ тайпасы екенін дәлелдеу керек.  Осы дәлелдеуде біздер ең алдымен генеалогиялық, яғни шежірелік сараптаманы, және де, осының дәлелі ретінде генетикалық сараптаманы ұстанамыз.

    Серікбол Қондыбай марқұмның жолдастары: «Серікболдың жазғандарын қазіргі ғалымдар түсінуге дайын емес, өйткені, олардың саналары өткен дәуірдегі коммунистік идеологиямен уланған!» деген екен. Алай да, Серікболды түсінген адамдар табылған. Олар, яғни, ең алғаш түсінгендер Ақселеу Сейдімбек, Қойшығара Салғараұлы, Иманғалы Тасмағанбет еді.  Яғни, бұлардың да, бойында қасиет, арқа бар. Ал енді, Кеңес дәуріндегі арқалы ғұлама - Әлкей Марғұлан еді. Ол кісі Қоңыраттың босаға таңбасын күллі қазақтың таңбасына жатқызған. Бұл даналықтың тұбінде терең мағына жатыр!

    Алшын дегендеріміз кімдер? Кіші жүз құрамындағы Байұлы мен Әлімұлын Алшын тобы деп атайды. Жетіру алшындарға жатпайды, бұлар Тәуке хан қалыптастырған найманның, керейдің, дулаттың, арғынның, телестердің саяқтары. Қытай деректерінде алшындар ең алғаш, бо-ма, хела, элю-чжи деп аталған. Бұл сөздер Ала ат, Ала атшы, Аалаатшын, Алшын дегенді білдіреді. Қытайдың «Тундянь» текстінде: «Тюрки (туцзюе) пегих коней называют хела (ала); еще известна страна Хэла».

    Яғни, бұл жерде ала аттарға мінген ел жөнінде айтылып тұр.  Демек, Алшын этнонимінің бастапқы атауы алаатшылар, түрікше алатчин болған.  Осымен қатар Алатшын сөзі Алаш сөзімен үндеседі. Қазақтардың: «Алаш-Алаш болғанда, ала тай ат болғанда» дегені, қытайлардың айтқан алаатшылар елінің Алаш, яғни, ең алғашқы қазақтар екендерін білдіріп тұрғандай.

    Мен жазған кітәбімде қазанат тұқымын найман Қаптағай батырдың арабтың дүлдүл тектес теңбіл көк айғырын жабыға қосып алғанын айтқан едім. Адай жылқысының да, сипатында арабтың теңбіл көгі бар. Теңбіл ат дегеніміз сұр түсті, қарауытқан дақтары бар ат. Орыстар «серая в яблоках» дейді. Ала тайымыз осы сипатты ат болса керек. Өйткені, Америка құрлығындағы мустанг, яғни, жолақ ала аттар қазақта кең тарамаған. Адай жылқысының да, қазанаттың сипатындағы құйма тұяғы бар. Меніңше, Адай жылқысының түбі теңбіл көк араб, және де, жоғарғы алаатшындар осындай аттарға мініп жүріп осылай аталған.

    Тарихта Алаштың кім болғанының нақты дәлелі жоқ. Меніңше Алаш, Алшын дегендіріміз бір ұғым – Қарт қазақ. Осы тұрғыдан қарағанда қазіргі Алаштар осы Алшын тобы болып келеді. Алашқа қатысты "Алаш мыңын" еске алатын болсақ, Әбілғазы айтқан Аланшы хан, Қара хан тұсындағы маңғолдардың нақты атаулары Мың+қол Алаш, не болмаса Мың-қол Алшын болуы мүмкін. Бұл 9-10 ғасырлардағы Қимақ дәуірі.  Арғымақ дегенді Серікбол Арғы+Имақ, яғни, Арғы Қимақ деп түсіндіреді.  Орхон жазуларында Алаш, Алшын атаулары кездеспегендіктерінен біздер, бұл Алаш қауымының, яғни ала ат мінгендердің 8-ші ғасырдан кейін пайда болғандарын түсінеміз. Әбілғазының: «Алынша хан болғаннан кейін мал басы көбейіп, халық байлыққа мас болып, тәңірді ұмытты, діннен ажырады» дегені, Қимақ дәуірінде болған. Яғни, «қой үстінде боз торғай жұмыртақалаған», «Алаш – алаш болғанда, Ала тай ат болғанда, Қой енсіз, тай таңбасыз болғандағы» қарт қазақ-алшындардың заманы осы кезең.

(жалғасы бар) 

Қайрат  Дәукеев, Шежіреші

abai.kz

13 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1580
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2280
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3606