Сейсенбі, 23 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3460 0 пікір 30 Мамыр, 2009 сағат 05:52

ОҚО-да шетелдіктердің қатысуымен 13 кәсіпорында заң бұзу деректері анықталды

Шымкент. 29 мамыр. ҚазТАГ – Еңбек министрлігінің бақылау және халықты әлеуметтік қорғау облыстық департаменті биылғы жылдың үш айында шетелдіктердің қатысуымен жұмыс істейтін 13 кәсіпорынды тексерді, тексеру барысында еңбек заңын бұзудың 87 оқиғасын анықтаған. Бұл туралы еңбек бойынша бас мемлекеттік инспектор Бастар Есқараев хабарлады.

«Башак строй», «Промогаз-С», «Састобетехноложис», «Катко», «Әппақ», «Юниверсал Содексо ЛТД», «Казстройсервис» ЖШС және басқа да кәсіпорындарда қазақстандықтар үшін жұмыс орындарын құру бойынша міндеттемелер орындалмаған. Ал бұл – міндетті шарттардың бірі, ол орындалса ғана өндірісті ашуға рұқсат беріледі. Заң бұзушылардың барлығы жазаланды», - деп түсіндірді Б. Есқараев.

Тексерушілер тобы көші-қон полициясымен бірлесіп жүргізген рейд барысында Өзбекстаннан келген 18 гастарбайтерді тапқан, олар «Янги-Шахар» базарында тандыр нан пісірген. Оларды жалдаған адамға айыппұл салынды, ал шетелдік наубайшылар ел аумағынан шығарылды.

«Созақ ауданындағы уран өндіруші  «Катко» қазақстан-француз бірлескен кәсіпорны басшыларының бірі Ян Файгл рұқсатсыз жұмыс істеген. Фирмаға 432 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. Кентау қаласындағы Ататүрік атындағы №4 мектепте де осындай заң бұзушылық анықталды. Онда Түркия азаматы заңсыз еңбек еткен. Оқу орнының директоры әкімшілік жазаға тартылды», - деп мәлім етті Б. Есқараев.

Тағы бір мысал - Шымкентте. Түркия азаматы Собан Мұса  «Ермус Групп» ЖШС-тің директоры болып заңсыз жұмыс істеген. Ол қызметінен босатылды. Сот оны ел аумағынан шығару туралы шешім шығаруға тиіс.

Департамент жыл басынан бері 9 лауазымды тұлғаны әкімшілік жауапқа тартқан. «Халықты жұмыспен қамту туралы» заңды бұзғаны үшін айыппұл көлемі 874 мың теңгеден асып түсті.

0 пікір