Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Қоғам 6219 0 пікір 27 Желтоқсан, 2015 сағат 12:35

МЕШІН ЖЫЛЫНДА «маймыл сериалдардан» ҚҰТЫЛАМЫЗ БА?

«Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Асқар Мырзахметовтың төрағалығымен партия жанын­дағы БАҚ өкілдерімен қарым-қатынас жөніндегі кеңестің алғашқы отырысында Қазақстан телеарналарын жаулап алған шетелдік сериалдар мәселесі де сөз болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

Осы орайда Қазақстан­дағы телеарналар мен олардың басшылығына тән ортақ ойды айтқан «Астана» телеарна­сының бас директоры Ләззат Танысбайдың пікірі елдегі руханиятқа деген жи­ын­тық көзқарасты білдірсе керек. Өз пікірін ашық әрі батыл айтқан Ләззат ханымның уәжі мемлекеттік идеологияның тұтқасын ұстап отырған ме­нед­­жерлерді ойландыруы тиіс.

«Соңғы жылдары зорлық-зомбылық пен қылмысты тек жеке меншік телеарналар насихаттайды деген үрдіс қа­лыптасты, – дейді «Астана» ар­насының бас директоры. – Мемлекеттік телеарналардың әйтеуір бағыт-бағдары, бө­ліне­тін қаржысы бар. Ал жеке меншік телеарналар жарна­маның есебінен күн көруге мәжбүр. Бізді «үнді сериалдарын неге көрсетесіңдер?» деп сынайтындар көп. Кеші­ріңіз­дер, телеарналардың топ-менеджерлері осы үнді сериалдарын қатты жақсы көреді дейсіздер ме? Жоқ, үнді сериалдары бізге жоғары рейтинг береді. Рейтинг жарнамаға жол ашады, ал сол жарнамадан түскен қаражаттан мен қол­астымдағы қызмет­керлер­ге жалақы төлеймін. Телеар­налардың топ-менеджерлері осы рейтингтің құлы болып отырмыз, оны мойындаймын».

Дегенмен, Ләззат Таныс­бай­дың айтуынша, егер қазақ телесериалын түсіру мемле­кет­тік дәрежеде қолдауға ие болса, ол міндетті түрде рейтинг жинай алады. «Биыл біз екі телесериал түсіру туралы мемлекеттік тапсырыс алдық, – дейді ол. – Екі сериал да арнамызда ең жоғарғы рейтингке ие болды. Байқағанымыз – көрермендер отандық сериалды көруге өте ынталы. Бірақ мәселе мұнда – біз Қазақ­станның телесериалын түсіру үшін бір сериясына 20–25 мың доллар жұмсаймыз. Ал сол баяғы үнді сериалының бір сериясын біз 350 долларға сатып аламыз. Бағада айыр­машылық бар ма?» – деп сұ­рақ қойған екен Ләззат ханым кеңеске қатысушыларға.

Гендиректордың кеңесте қойған бұл сауалы мемлекет­тік дәрежедегі руханият мә­селесі екенінде дау жоқ. Се­бебі қазақстандық телеарналар арқылы көрсетіліп жатқан шетелдік сериалдар белгілі бір мөлшерде бізге өзге ел­дердің бөтен мәдениеті мен өз­ге пиғылын тықпалайды. Со­ның нәтижесінде қазақи орта оғаш ойлар мен бөтен менталитеттер ботқасына айналады. Ал бұл проблема әл­дебір жеке телеарнаның емес, бүкіл мемлекетті меңдеген мәселе болса керек.

«D»

«Общественная позиция»

(проект «DAT» №45-46 (316-317) от 24 декабря 2015 г.

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1559
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2249
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3499