Сәрсенбі, 16 Қазан 2019
Жаңалықтар 2182 1 пікір 29 Желтоқсан, 2015 сағат 09:24

ҚЫТАЙ ТЕРРОРИЗММЕН КҮРЕС ТУРАЛЫ ЗАҢ ҚАБЫЛДАДЫ

Қытай парламенті терроризммен күрес туралы жаңа заң қабылдады. Заңда технологиялар саласында жұмыс істейтін компаниялар үкіметке құпия ақпараттарды беруге міндеттеліп, әскерилерге шетелде антитеррорлық операциялар жүргізуге рұқсат етілген.

Құжат бұған қоса, ақпарат құралдарының теракт жайлы егжей-тегжейлі ақпарат тарату құқығын шектейді.

Жаңа заң ақпарат құралдарын "еліктеу тудыруы мүмкін" террорлық әрекеттермен байланысты мәліметтерді таратуға тыйым салады және "қатыгез әрі адамгершілікке жатпайтын" көріністерді көрсетуін шектейді.

Заң 1 қаңтардан бастап күшіне енеді. Бұл құжат қабылданбай жатып Батыс елдерінде сынға іліккен еді. АҚШ президенті Барак Обама мен мемлекеттік департамент шетелдік компаниялардан елде жұмыс істеуі үшін Қытай үкіметіне хабарламаларды оқуға мүмкіндік беретін шифрлау кілтін беру талабына ашық қарсы шыққан. Батыс елдері "заң адам құқығы мен сөз бостандығына қауіп төндіріп, Қытайдағы өзгеше ойлауды басып-жаныштау әрекетін жеңілдетеді" дегенге саятын позиция ұстанып отыр.

Абай-ақпарат

1 пікір