Жұма, 19 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4105 0 пікір 1 Қаңтар, 2016 сағат 15:26

ЖАҢА ЖЫЛДА ҚЫРЫМ ЖАРЫҚСЫЗ ҚАЛДЫ

Украина сәрсенбі күні кешке Қырымға электр қуаты жеткізілетін «Каховка-Титан» электр желісін өшіріп тастады.

Севастополь әрбір 3 сағат сайын алма-кезек электр қуатын өшіру кестесін қолдануға көшпек.

Қалада көше шамдары сөндіріледі. Троллейбус бағыттары қосымша такси және автобустармен алмастырылады. Электр желісінің өшуіне байланысты, жарық Қырымның бірқатар ауданында, мысалы Ялтада да жоғалған.

Украин энергетиктерінің дерегінше, электр қуатын өшіруге апат себеп болған. Алайда бұзылған тұс әлі табылмаған. Энергетиктердің екі мәрте электр желісін іске қоспақ болған әрекеті нәтижесіз аяқталды. Мамандар апаттың себептерін іздеуде.

Абай-ақпарат

0 пікір