Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаңалықтар 5620 0 пікір 1 Қаңтар, 2016 сағат 15:38

РЕСЕЙЛІКТЕР АРЗАН ТАУАР САТЫП АЛУҒА КӨШТІ

Ресей дүкендеріне келген сатып алушылардың төрттен үші ең алдымен тауардың бағасына қарайды. Ресейліктердің жартысына жуығы тек арзандаған тауарларды сатып алуға келеді.

Sberbank CIB өткізген "Потребительский индекс Иванова" зерттеуі осындай жағдайды көрсетіп отыр.

Арзан өнім алуға көшкен ресейліктердің үлесі рекордтық 70 пайызға жетіпті. Зерттеу авторларының айтуынша, рубль бағамының құлдырауына қарамастан, ресейліктер былтырғы жылдың желтоқсанындағыдай азық-түлік пен өзге де тауарларды жаппай сатып алуды қойған.

Росстаттың дерегінше, қарашада бөлшек сауда айналымы жылдық өлшеммен 13 пайызға төмендеген, бұл соңғы 20 жылдағы ең төменгі көрсеткіш.

Абай-ақпарат

0 пікір