Жұма, 29 Наурыз 2024
Деп жатыр 5400 0 пікір 26 Қаңтар, 2016 сағат 12:19

«АМАНАТ» ФИЛЬМІ «ОСКАР» АЛУҒА НИЕТТІ

«Аманат» фильмі «Оскар» кинопремиясына ұсынылады. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.

Фильмнің режиссері  – Сатыбалды Нарымбетов.

Қазір «Аманнатты» америкалық киносыйлыққа ұсыну үшін ағылшын тіліне аудару жұмыстары жүріп жатыр. Бұл фильм тарихшы Ермұхан Бекмаханов туралы. Ол қазақтың соңғы ханы ХІХ ғасырда Қазақ хандығын отаршылдардан азат ету үшін ұлт-азаттық күреске басшылық жасаған Кенесары Қасымұлын зерттеген ғалым. Осы зерттеуінің нәтижесінде ол «Қазақстан ХІХ ғасырдың 20-40-шы жылдарында» деген еңбегін жазып, Қазақстанда алғаш рет тарих ғылымдарының докторы атағын қорғаған болатын.

«Аманаттың» тұсаукесері былтыр Саяси құғын-сүргінге ұшыраған адамдарды еске алу күні өтті. Фильм ресми түрде көктемде прокатқа шығады. Ал наурыз айында ол америкалық кинопремияға ұсынылады.




Abai.kz



0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1575
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2269
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3582