Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
46 - сөз 5120 0 пікір 26 Қаңтар, 2016 сағат 12:43

БҰ ЗАМАНДА "ЖАРМАҚ" БОЛЫП ӨМІР СҮРУ КЕРЕК

Біздің қоғамда "Жармақ " болып өмір сүру керек. Əйтпесе БОЛМАЙДЫ! Кеше көзім əбден жетті.

Алдымен супермаркет. Өте асығыс болдым, алатыным бір ғана зат, оның өзі табылса. Қол сөмкеммен кірдім, ештеңе алмай 3 минутта шықтым. Екі күзетші артымнан қуып жетіп, сөмкемді тексерді. Заң жүзінде тексеруге құқы жоқ. Бірақ дауласатын уақыт жəне жоқ. Аштым. Ұры емес екенімді дəлелдедім.

"ЦОН"-ға бардым, мекен жай анықтамасын сұрадым. Жеке куəліксіз бермеймін деп шақ-шақ етті. Куәліктің көшірмесі бар. Ал өзі кітапханада... "Eqov-тан куəліксіз де алам ғой" десем, "пожалыста, ала бер" дейді.

Ашу қысып, кешегі "Аптаға" алған кітаптарымды алып "Ұлттық кітапханаға" келдім. "Киіммен, сөмкемен кірме" дейді. Киім түсінікті, сөмке ше? "Онсыз да 3 мың кітап ұрланды" деп ренжіді "гардеробщица" апай. "Құрдас, ренжімеші енді" деп сөзге араласты күзетші. "Құдай-ау, қалай ренжімеймін, тапа -тал түсте ҰРЫ қып тұрсаңдар".

Мектепке келдім. 8 шаршы метр кіреберісте 20 шақты адам тұр. Класқа кірмей-ақ, қойдым, бірақ дәлізге неге кіруге болмайды? Бір бөлігің иманды, инабатты болса, екіншісі көкдолы болу керек. Əйтпесе жүресің өстіп, күдікті құсап... Бюрократия шектен шыққан. Поликлиника, больница туралы айтпай -ақ қояйын. Кейде осының бəрі біздің өмірді қиындату үшін, тұрмыстық деңгейден өзге ештеңе ойлауға уақыт қалдырмас үшін əдейі істелген кедергі сияқты көрініп кетеді. ..

Айнұр Омар
Facebook-тегі парақшасынан

0 пікір