Жұма, 19 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3901 0 пікір 28 Қаңтар, 2016 сағат 12:06

HRW: АДАМ ҚҰҚЫҒЫН ҚҰРБАН ЕТУГЕ БОЛМАЙДЫ

Human Rights Watch халықаралық құқық қорғау ұйымы терроризммен күрес немесе жаппай миграцияның қауіпсіздігін сылтау етіп адам құқығын құрбан етпеуге шақырды.

"Терактінің болу мүмкіндігін немесе босқындардың жаппай ағылуын алға тартып, батыс елдері адам құқықтарын екінші кезекке ығыстырды", - деп жазады ұйымның атқарушы директоры Кеннет Рот 27 қаңтарда жариялаған әлемдегі адам құқықтарының жағдайы жөніндегі баяндамасында.

Құқық қорғаушылар АҚШ, Ұлыбритания және Франция елдерінде азаматтардың жеке өмірлеріне бақылау күшейтілген атап өтеді.

Сонымен бірге баяндама Ресей, Қытай және Түркия билігі елінде азаматтық қоғамның және тәуелсіз медианың пайда болып, араб елдеріндегі, Гонконг және Украинадағыдай үкіметке қарсы қозғалыстардың пайда болуынан қауіптенеді делінген.

Human Rights Watch Ресейде демократиялық институттарға қысым көрсету төрт жыл қатарынан жалғасып келе жатқанын да атап өткен. Олардың есебі бойынша, 2015 жыл Ресейдегі адам құқықтарының жағдайы ең шегіне жеткен: азаматтық қоғамды шетелдермен байланыстан аластататын арнайы заң қабылданды. Оппозициялық саясаткер Борис Немцов өлтірілді, азшылық өкілдерінің құқығын таптау тенденциясы өршіп келеді.

Халықаралық ұйым Әзербайжандағы жағдайды да ерекше атап өткен: Азат Еуропа/Азаттық радиосының Бакудегі кеңсесі жабылған. Биліктегі коррупция жөнінде мақалалар жазып жүрген Азаттықтың тілшісі Хадиджа Исмайлова 7 жылға сотталды.

Абай-ақпарат

0 пікір