Сейсенбі, 16 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4094 0 пікір 28 Қаңтар, 2016 сағат 12:39

ЕКІ ЕЛ ШЕКАРАСЫНДАҒЫ ДИВЕРСИЯ

Ауғанстанның астанасы мен кейбір елдімекендерін «Талибан» қозғалысының электр станциясына шабуыл жасағаны салдарынан жарықсыз қалды.

Бағлан провинциясының губернаторы Абдул Саттар Өзбекстаннан Кабул арқылы өтетін электр желісін қалпына келтіру үшін бірнеше күн мен 2 мың сарбаз қажет болады деп мәлімдеді.

Бүгінде Ауғанстан халқы 1286 мегаватт электр энергиясын пайдаланады, 80 пайызын көрші Өзбекстан, Иран, Түркіменстан және Тәжікстан елдерінен сатып алады.

Электр энергияның көп бөлігін - 30 пайызын Өзбекстаннан алады. 2009 жылдан бері Өзбекстан Кабулдан бастап, Ауғанстанның бес облысын электр жарығымен қамтамасыз етіп келеді. 

Ауғанстан 2016 жылы өзбек электр жарығын тағы да 8-10 пайыға ұлғайту жөнінде шешім қабылдаған.

Өзбекстандағы электр энергиясының тапшылығына қарамастан, ресми Тәшкент экспортты ұлғайту жөнінде келісім берген.

Абай-ақпарат

0 пікір