Жұма, 29 Наурыз 2024
Мәйекті 5402 1 пікір 28 Қаңтар, 2016 сағат 18:40

ОРТАЛЫҚ АЗИЯНЫҢ ӨНЕРПАЗ БАСШЫЛАРЫ

Жақында «Азаттықтың» қырғыз қызметі Орталық Азия елдерінің ондаған жылдар бойы аттан түспей келе жатқан басшыларының әлеуметтік желілердегі кейбір сәттерін жариялады.

ОА  Президенттері батыстық бұқаралық ақпарат құралдарында жиі жазылып жүргендей тек геронтакратиялық басқару жүйесімен ғана емес, ұлттық дәстүр әм ән мен биге де икемді екендіктерін дәлелдеп келеді.

Мысалы, ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлының интернеттегі ресми парақшасында Елбасы өзі жазған  әндерді жарияланды. 1989 жылдан бері (27 жыл) мемлекет тізгінін ұстап келе жатқан Нұрсұлтан Әбішұлы өзі де ән айтып, күй шертуге бейім жанды екенін көріп жүрміз.

«Соңғы кездері мемлекет парламентін тарқатып, экономикалық, қаржылық қиындық қос өкпеден алған қысылтаяңды жағдайды  Қазақстан жұртына түсіндіріп, тығырықтан шығудың жаңа жоспарын әзірлеп жатқан Нұрсұлтан Назарбаевтың интернет парақшасында,  Президенттің өзі жазған төрт әні жарияланды»,-деп жазады Азаттықтың қырғыз қызметі.

«Шұбарат», «Елім менің», «Жерім менің» және Елбасының туған өлкесі туралы шығармасы «Үшқоңыр» әндері туралы қазақстандық БАҚ-та жазған еді-ау. Әрине, бұл әндерде ел мен жерге, туған топыраққа, Отанға деген үлкен махаббат жатқаны даусыз.




Дегенмен, Нұрсұлтан Әбішұлы Орталық Азия Президенттерінің ішінде ән мен биге құштар жалғыз басшы емес екен. ОА-ның «газ патшасы» деген лақап аты бар Түркіменстанның Президенті Қурбангулы Бердімұхаммедов те үлкен сахналарда этрадалық әндерді орындап, түркіменстандық әншілермен бірге өнер көрсеткен-ді. Тіпті, эстрадалық топтардың біріне гитара аспабымен сүйемелдеуші де болған.




Айтпақшы, Бердімұхаммедов мырза өткен жылы Түркіменстан Президенті Мары қаласындағы үлкен концерттік залда  «Алға, алға сүйікті мекенім» әнін 4000 көрерменмен бірге орындап, Гиннестің рекордттар кітабына де енген Президент.




Ал Тәжікстан Президенті Эмомоли Рахмон мырзаның да шығармашылық адамы екенін интернет қолданушылары жақсы білсе керек. Сондай-ақ, Тәжікстан астанасында өткен концерттердің бірінде Эмомоли мырзаның шабыты ұстап, сахнаға да шығып кеткен-тін.  Эмомоли Рохмонның тойларда бидің түбін түсіретін де тәжіктердің мемлекеттік телеарналары көрсеткен.




Өзбекстанның 27 жылдан бері абсольютті басшысы Ислам Каримов те өнерден шеткері емес. Өзбек ағайындардың атақты Әндіжанында стадион ортасына шығып, өз электораттарының алдында билеп берген.

Орталық Азия мемлекет басшылары ішінде биліктегі тәжірбиесі ең аз Қырғызстан Президенті Алмазбек Атамбаев гитара шертіп, ән айтатын әдеті бар.

Нұргелді Әбдіғаниұлы

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1581
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2281
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3610