Сенбі, 30 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3788 0 пікір 29 Қаңтар, 2016 сағат 11:43

ПАРИЖ "ДИСНЕЙЛЕНДІНДЕ" ҚАРУЛЫ АДАМ ҰСТАЛДЫ

Париждегі «Диснейлендте» қос тапанша мен Құран алып жүрген ер адам ұсталды.

Полиция оның сауық саябағындағы қонақүйге тоқтағанын анықтады. Қару мен Құран металл іздегіштің дабылынан кейін қонақты тінту кезінде табылған. Ер адамнан алынған құжат бойынша, ол Париж тұрғыны саналады.

Полиция әзірге ұсталған адамды террорлық шабуыл жасауды жоспарлады деп айта алмайды. Күдіктінің өзі қаруды жеке басының қауіпсіздігі үшін алып жүргенін айтқан. Француз астанасынан 30 шақырым жердегі Париж «Диснейленді» Еуропадағы ең танымал ойын-сауық саябақтарының бірі. 2014 жылы оған 10 миллионға жуық адам келген. Францияда былтырғы жылдың қарашасында 130 адамның өмірін қиып кеткен Париждегі шабуылдан соң қауіпсіздік тәртібі күшейтілген.

Abai.kz


0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1587
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2289
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3654