Сенбі, 20 Сәуір 2024
Деп жатыр 6698 0 пікір 29 Қаңтар, 2016 сағат 12:17

АКТЕР НҰРЛАН ӘЛІМЖАН МӘЖІЛІСМЕН БОЛУЫ МҮМКІН

Астанада Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен «Нұр Отан» партиясының XVII кезектен тыс съезі өтіп жатыр, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Съезде партияның сайлауалды бағдарламасы таныстырылады, сонымен қатар Мәжіліске депутаттыққа үміткерлердің тізімі жарияланады деп күтіліп отыр.

Кезектен тыс Мәжіліс сайлауы және барлық деңгейдегі кезекті мәслихат сайлауы биыл 20 наурызда өтеді.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына үміткерлердің тізіміне 127 адам кіреді. Оның ішінде республикада танымал саясаткерлер, қоғам қайраткерлері, спортшылар және әртістер бар.

Кей мәліметтерге сүйенсек, партия тізіміне қазақстандық актер Нұрлан Әлімжанов кіреді, ол «Көшбасшы жолы» циклының «Отты өзен» және «Теміртау» фильмдерінде Назарбаевтың жас кезін сомдаған болатын. Сонымен қатар, болжам бойынша, тізімде бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев те бар.

Съезге қазақстандық танымал боксшы Геннадий Головкин қатысады.

Abai.kz

 

0 пікір