Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Білгенге маржан 4929 0 пікір 18 Ақпан, 2016 сағат 11:59

ҚАЗІРГІ ҚАЛАМГЕРЛЕРДЕ МҰРАТ БАР МА?

...Біреуің қызбен жүргеніңді,  гуляйт салғаныңды, мықынынан ұстағаныңды жазып жүрсің, енді бірің не онда, не мұнда жоқ, қояннан көз жазып қалған тазыдай, арсалаңдап жүрсің. Тағы біреуің көрінгенге «Жаплақ шеше» көрінгелі түлкіше құйрығыңды бұлғаңдатып жүрсің.

Енді біреуіңнің  орысты қазаққа, қазақты орысқа шағыстырып сенімін алмақ, ақын аталмақ ойың бар. Тағы біреуің ойын жасырып, бойын жасырып, жат елдің жазушыларын  аударып талшық етудесің.Сендерде мұрат бар ма? Бақыт бар ма? Жүрек бар ма?

Бүгін –идиалист, ертең-материалист, бүгін-реалист, ертең-символист, бүрсүгіні-футурист, тағы бірдеме «ист», әйтпесе әрқайсысынан бір шөкім. Ақындықты, жазушылықты сауысқанға айырбастап, неден мұнша адастыңдар? Күндік күніңе, өшті-қасты кегіңе әлде күншілдігіңе бола елдің айнасы- әдебиетті ұрыс-керіске, боқауызға айналдырдыңдар.

Келешектен ұялсаңдаршы! Күйіп кеттім ғой. Шыдай алмадым ғой! Айтпайын десем де қоймадыңдар ғой, түге, азып туған мұндарлар!

Жүсіпбек Аймауытовтың «Елес» әңгімесінен алынған үзінді

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1559
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2250
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3502