Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2302 0 пікір 9 Маусым, 2010 сағат 05:00

Қазақстанда футбол чемпионатының он төртінші турында Қостанайлық «Тобыл» «Ақтөбені» жеңді

Алматы. 9 маусым. ҚазТАГ -  Ел чемпионатының он төртінші турында Қостанайлық «Тобыл» «Ақтөбені» 2:1 есебімен ұтты.

Алаң иелерінен Нұрбол Жұмасқалиев екі доп салып, ақтөбеліктерден Самат Смақов гол салды.

Шымкенттің «Ордабасы» «Атырауды» 2:1 есебімен ұтты. Ойында есепті қонақтардан Абзал Жұмабаев ашты. Бірақ алаң иелері бразилиялық легионер Вагнердің арқасында есепті теңестіріп, ал жеңіс голын Александр Митрофанов салды.

Талдықорғандық «Жетісу» өз алаңында көкшетаулық «Оқжетпеспен» тең 2:2 ойнады. Алаң иелерінен Сергей Костюк пен  Данило Белич, ал қонақтардан гол соққандар: Хасан Абдікәрімов пен Александр Круцкевич болды.

Астананың «Локомотиві» «Таразды» 3:0 есебмен ұтты. Доп соққандар: Игорь Бугаев пен  Валерий Андроник.

Алматының «Қайраты» павлодарлық «Ертіспен» 0:0 - тең ойнады.

Оралдық «Ақжайық» қарағандылық «Шахтерге»0:3 есебімен ұтылып қалды. Жеңімпаздардың құрамында Алдин Джидич, Гедеминас Вичюс пен Айдос Тәттібаев көзге түсті.

Он төртінші турдан соң, 29 ұпаймен қостанайлық «Тобыл» алда келеді. Екінші орында қарағандылық «Шахтер» - 27 ұпаймен. Көш басындағы үштікте павлодарлық «Ертіс» - 26 ұпаймен келеді.

Ел чемпионатының футболдан он бесінші туры 13-ші маусымда өтеді.

0 пікір