Жұма, 19 Сәуір 2024
Жаңалықтар 5330 0 пікір 26 Қыркүйек, 2015 сағат 13:04

ҚЫРЫМ КІМДІКІ? ҚР БҒМ ӨКІЛІ ТҮСІНІКТЕМЕ БЕРДІ

Қазақстандағы оқулықтардағы «Қырымның Ресей территориясы» деп көрсетілуіне қатысты ҚР БҒМ түсініктеме берген. Онда айтылғандай, Қырымның Ресей құрамында көрсетілуіне қатысты ақпараттар арнайы сараптамадан өткізілген. Бұл туралы ҚР БҒМ баспасөз хатшысы Әлібек Шоқпаров «Говарит Москва» радиосына сұхбат берген  көрінеді.

 «Қазақстандағы жалпы білім беру мекемелеріне әзірленетін оқулықтар арнайы сараптамадан, комиссиядан өткізіледі. Аталмыш оқулықтар да тиісінше, осындай комиссияның қарауынан өткен болатын. Бұл комиссия мемлекеттік білім беру стандарттарына  сәйкестендірілді, арнайы құжаттары да бар. ҚР БҒМ тарапынан бекітілген»,-дейді Шоқпаров мырза.

Оның айтуынша, білім және ғылым саласындағы арнайы комитет бақылау жұмыстарын жүргізуде. Олар арнайы оқу-әдістемелік сараптама жүргізуде. Сараптама қорытындысы кейінірек жарияланатын болады.

Айта кетейік, осының алдында «Мектеп» баспасынан шығатын оқулықтарда Қырымның Ресей территориясына қосылғаны туралы жазылған деректерге қатысты пікір әр-алуандылығы туған болатын. Осыған орай Украина Үкіметі ресми түрде Қазақстанның СІМ мен ҚР БҒМ-ға наразылық нотасын жолдаған болатын. Онда Киев билігі қазақстандық мектептердегі оқулықтарды қайта жазуды талап еткен.

Абай-ақпарат

0 пікір