Жұма, 29 Наурыз 2024
Билік 4562 0 пікір 28 Қыркүйек, 2015 сағат 02:00

ОҚО: ЖЕР ҚОЙНАУЫН ЗАҢСЫЗ ПАЙДАЛАНҒАНДАР АНЫҚТАЛДЫ

Облыс әкiмiнiң мәжiлiс залында облыс прокуратурасының кеңейтiлген алқа мәжiлiсiнiң отырысы өттi. Жиынға облыс әкiмi Б.Атамқұлов, облыс прокуроры И.Иманов, сондай-ақ уәкiлеттi мемлекеттiк мекемелер мен жергiлiктi полиция органдарының басшылары және аудан әкiмдерi қатысты. Алқа мәжiлiсiнiң отырысында өңiрiмiздегi жер қойнауы және оны пайдаланудың заңдылығы туралы мәселе қаралды.

Облыс прокуроры И.Имановтың айтуынша, прокуратура органдарының табиғат қойнауын пайдаланушыларға жүргiзген тексеруiнiң қорытындысы бойынша пайдалы қазбаларды заңсыз өндiру әрекеттерi негiзiнде 30 дерек анықталып, экономикаға 1 миллиард теңге залал келтiрiлгенi анықталған. Бүгiнде заңбұзушылықтың 27 дерегi бойынша ҚР ҚК-нiң 334-бабымен қылмыстық iс қозғалып, қалған 3 iске қатысты тексеру амалдары жүргiзiлуде. Сонымен қатар 2013-14 жылдары жергiлiктi атқарушы органдар мен жер қойнауын пайдаланушылар арасында келiсiмшарт жасалған. Алайда, жер қойнауын пайдаланушылардың құжатта көрсетiлген мiндеттердi орындамауының салдарынан 109 келiсiмшарт бұзылған. Олардан жер телiмдерi қайтарып алынғанымен, қазылған аумақтар қайта қалпына келтiрiлмеген. Оған әкiмшiлiк тарапынан ешқандай шара көрмеген. Заңнамаға сәйкес арадағы келiсiмдi тек облыс әкiмшiлiгi арқылы ғана түзу керек болса, 19 келiсiмшартқа аудан әкiмiнiң мөрi басылғаны белгiлi болған. Тағы да 171 келiсiмшарт бойынша 200 млн. теңгенiң ауыл шаруашылығы шығыстары өтелмептi. Дәл осындай 18 құжат негiзiнде су қорғау аумағында жер қойнауын пайдаланушылар жұмыстарын тоқтатпаған. Айта кетуiмiз керек, жергiлiктi iшкi iстер органдарына пайдалы қазбаларды өз бетiнше пайдалану дерегi бойынша 76 оқиға тiркелсе, оның бiр де бiреуi сотқа жолданбаған.

Жер қойнауын заңды және заңсыз пайдаланушылардың iс-әрекетiн жергiлiктi билiк қатаң қадағалауға алмағандықтан қазылған жер аумақтарының топырақ құнарлылығы төмендеп, су арналарының гидрологиялық және биологиялық жағдайына керi әсерiн тигiзуде.

– Облыс аумағында 203 жер қойнауын пайдаланушы тiркелген. Атап айтар болсақ, кең таралған пайдалы қазбаларды игеру мақсатында – 173, қатты пайдалы қазбаларды қазуға – 28, көмiрсутек шикiзатын пайдалануға 2 келiсiмшарт түзiлген. Прокуратура өзектi мәселе көтерiп отыр. Жер қойнауын қалпына келтiру жұмыстары дер кезiнде жүргiзiлуi тиiс. Сондықтан табиғат байлығын пайдаланушыларға мемлекеттiк органдар тарапынан бақылауды күшейтемiз, – дедi облыс әкiмi.

Бұдан кейiн облыстық прокуратураның басқарма басшысы Р.Дүйсенбаев тексеру нәтижелерiмен таныстырды. Облыс әкiмiнiң орынбасары С.Тұяқбаев жер қойнауын пайдаланушыларға қатысты атқарған жұмыстарын баяндады.

Дамира МОЛДАНАЗАРОВА

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1567
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2261
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3551