Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 4509 0 пікір 28 Қыркүйек, 2015 сағат 11:12

ТҚЖБ: ӘЛЕУМЕТТІК МІНДЕТТЕР ЖАЛҒАСЫН ТАБАДЫ

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі әлеуметтік міндеттерін бұдан әрі де атқара береді, - деп хабарлайды ТҚЖБ-тің баспасөз қызметі.

Мемлекет ҚТҚЖБ құрылтайшыларының құрамында қалады. Және банк салымшыларына жыл сайын 20% сыйақы төлеуді жалғастыра бермек. Бұл норма қаржы институтының меншік формасына байланысты емес. «ҚР тұрғын үй құрылыс жинақ туралы» заңында нақты бекітілген.  Сондықтан азаматтардың алаңдауына ешқандай себеп жоқ. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің баспасөз қызметінің берген түсіндірмесі осыған саяды.

Банк өкілдерінің сөзіне қарағанда, буыны бекіп үлгерген тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі өзінің тұрақтылығы мен тиімділігін әлдеқашан дәлелдеген. Қазір Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі жаңа даму белесін бағындырып, инвесторлармен ынтымақтастық жасауға ұмытылып отыр. Мұның банк қызметіне тың серпін беретіні даусыз. Сондай-ақ, банк жұмысын одан әрі ұтымды ете түспек.

- Жаңа серіктестен банк тек ұтатын болады. Бұл -  жаңа инвестиция, қосымша құйылған қаражат, жаңа технологиялар және ІТ қызмет деген сөз. Банк өзінің әлеуметтік қызметін жалғастыра  береді. Өйткені, жыл сайын мемлекет субсидиясын алып, салымшыларына сыйақы төлеп тұратын болады, - деп түсіндірді «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Айжан Медеуова.

Оның айтуынша, акционер тартуға қатысты әлі нақты шешім шыққан жоқ. Болашақта ең оңтайлы жоспар әзірленетін болады. Сосын оған үкіметтің келісімі керек. Бұған шамамен екі ай уақыт кетеді. Инвесторға акциялардың қанша пайызы ұсынылатыны жайлы мәселе қазір талқылану үстінде.

Медеуованың айтуынша, ТҚЖ жүйесін жүзеге асыратын өзге банктердің де жеке инвесторлары болады. Бұл әлемдік, еуропалық тәжірибеде жиі кездеседі. Азаматтарды қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету секілді мемлекеттің әлеуметтік саясатын нәтижелі орындауға ол ешқандай кедергі болмайды. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі де өз жұмысын осы бағытта жалғастыра бермек.

Қазіргі кезде ҚТҚЖБ Еуропалық құрылыс жинақ кассалары федерациясына (ЕҚЖКФ) кіреді. Еуропалық әріптестерінің тәжірибесін сүйеніп, банк елімізде 12 жыл бойы ТҚЖ жүйесін жүзеге асырып келеді. Соның арқасында, жүз мыңдаған ел азаматтары ең төменгі пайыздық мөлшерлемелермен заем алып, тұрғын үй жағдайларын жақсартты. Бүгінде ҚТҚЖБ 550 мың шарт жасаған. Банк осы шарттар бойынша өз міндеттесін толық  орындауда. 

Aбай-ақпарат 

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2257
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3535