Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4356 0 пікір 29 Қыркүйек, 2015 сағат 17:10

ТАҒЫ БІР ШЕНЕУНІКТІҢ ҰЛЫ ЖҰРТТЫ ШУЛАТЫП ЖАТЫР

Қазақстан ішкі істер министрлігі Астанада жоғары шенді шенеуніктің ұлының үйлену  тойында той көліктерінің "жол қозғалысы ережесін бұзуына" байланысты қызметтік тексеру жүргізіп жатқанын хабарлады.

Ішкі істер министрлігі осы мекемеде жұмыс істейтін шенеунік Бақытжан Балташевтың ұлының үйлену тойындағы той көліктерінің жүргізушілері әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Бірер күн бұрын интернетте Астанадағы орталық көшеде той кортежінің қозғалысы түсірілген видео таралған. Видеода екі көлік көшенің ортасында қалған көліктерге қарама-қарсы бағытта артқа қарай жүргені көрінеді. Видео әлеуметтік желілерде қызу талқыланған.

Ішкі істер министрлігі қызметтік тексеру нәтижесі жайлы хабарлайтынын айтады.

Абай-ақпарат

0 пікір