Жұма, 26 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4022 0 пікір 30 Қыркүйек, 2015 сағат 11:45

3 МЫҢҒА ЖУЫҚ МИГРАНТ ӨЛГЕН

3 мыңға жуық мигрант көш барысында қайтыс болған, - деп хабарлайды Абай-ақпарат.

БҰҰ-ның босқындар жөніндегі мекемесінің ақпараты бойынша, осы жылы Еуропаға келген мигранттар саны жарты миллионнан асады. Оның көбі сириялықтар. Бұл 2014 жылмен салыстырғанда екі есеге көп.

Аталған халықаралық ұйымның мәліметі бойынша, Еуропаға теңіз арқылы жеткендер саны 520 мыңнан асады. Олардың 400 мыңға жуығы Греция арқылы келген. Шамамен 3 мыңға жуық адам теңізде суға батып қайтыс болған немесе із-түссіз жоғалып кеткен.

Сириядағы әскери шиеленістен кейін 2011 жылдан бастап 4 миллионға жуық адам елін тастап кетуге мәжбүр болған. 7 миллионға жуығы ішкі елді-мекендерге көшкен.

Соңғы уақытта Еуроодақ арасында жаппай мигранттардың көшіне байланысты өзара қайшылықтар орын алып жатыр.

Абай-ақпарат

0 пікір