Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 4887 0 пікір 30 Қыркүйек, 2015 сағат 12:08

РЕСЕЙ ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ КІШІ ҚҰРЫЛТАЙЫ ӨТЕДІ

Самарада Ресей қазақтарының Кіші құрылтайы өтеді, - деп хабарлайды Абай-ақпарат.

Самарада 3-5 қазан күндері Ресей қазақтарының Кіші құрылтайы өтеді. Оны «Ресей қазақтарының федеральдық ұлттық-мәдени автономиясы» жалпыресейлік қоғамдық ұйымы ұйымдастырып отыр. Құрылтайға Қазақстаннан және Ресейдің түкпір-түкпірінен келетін қонақтар қазанның 1-інен бастап Самараға келе бастайды деп жоспарланып отыр. Оған Дүниежүзі қазақтары қауымдастығынан баратын делегацияны ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және саяси-қоғамдық жұмыс комитетінің қолдауымен Төрағаның бірінші орынбасары Талғат Мамашев бастап барады. Құрылтай кезінде  Дүниежүзі  қазақтары қауымдастығы мен Ресей қазақтарының федеральдық ұлттық-мәдени автономиясының баспасөз орталығы жұмыс жасайды деп жоспарлануда.

Жалпы Ресей қазақтарының Кіші құрылтайы  «Ақ жол» қазақ ұлттық-мәдени автономиясы Самара  аймақтық қоғамдық ұйымының 10 жылдық мерейтойына арналған «Достықтың шекарасы жоқ» деп аталатын мерекелік шарамен басталады.  Самара облысы қазақтарының материалдық емес мәдени мұрасынының көрсетілімінен:  «Мұрагер» киіз үй- музейіндегі қазақ мәдениетінің тұрмыстық және  қолданбалы өнер бұйымдарының Қ көрмесі. Фотограф Людмила Мельниченконың «Самара қазақтары» фото-көрмесі. Қазақтың ұлттық тағамдарынан дәм тату көрмесі.  Ұлттық белгілер мен ұлттық киімдердің сауда көрмесі. Режиссер Сергей Александровтың «Наурыз» фильмінің көрсетілімі. Самара облыстық «Қайрат» қазақ жастары қоғамдық ұйымы қызметінің таныстырылымы болады.

Одан кейін құрылтайдың салтанатты ашылу рәсімі жасалып, «Ақ жол 2003-2015» фильмі көрсетіледі. Аймақтық билік органдары өкілдерінен: Губернатор әкімшілігі, облыстық Дума мен Мәдениет министрлігінен және Қазақстаннан келген қонақтардан Ресейдегі Қазақстан Елшілігі, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы, Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің  құттықтау сөздері айтылады. Қазақстандық  «Қыздарай» тобы мен әншілер  Ерлан Рысқали, Меруерт Түсіпбаева, Тілеубек Қожанұлы және Батыс Қазақстан облыстық филармониясы артистерінің, сондай-ақ  Самара қазақтарының өнер ұжымдарының концерттік бағдарламасы ұсынылады.

Қазанның 4-інде  Ресей қазақтарының ұлттық-мәдени автономиясының ашық мәжілісі, ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауына арналған және  «Заманауи Ресей қазақтарының этномәдени қозғалысы: тәжірибе, міндеттер, сабақтар» атты дөңгелек үстел жиындары мен Нефтегорск ауданындағы Дмиртриевка ауылында қазақстандық артистердің концерті болады. Келесі күні мұндай концерт Кинельск ауданындағы Қазақ ауылында жалғасады. 

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1571
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2265
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3565