Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 4773 0 пікір 1 Қазан, 2015 сағат 11:31

РЕСЕЙДІҢ СИРИЯҒА ЖАСАҒАН СОҚҚЫСЫНА АҚШ ПІКІР БІЛДІРДІ

АҚШ қорғаныс министрі Эштон Картер Ресейдің әрекеті "Сириядағы азаматтық соғыс отына май құйғанмен бірдей" деп мәлімдеді.

Оның пікірінше, Ресей "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік тобына емес президент Башар Асадтың қарсыластарына соққы беріп жатыр. Ол бұл жөнінде сәрсенбі күні Пентагонда арнайы өткізген баспасөз брифингте мәлімдеді.  

Алдын РФ қорғаныс министрлігінің өкілі генерал-майор Игорь Конашенков соққы Сирия Араб республикасы аумағындағы ИМ орналасқан жерге берілді деген болатын. 

Бірақ сириялық оппозиция әуе соққысы берілген жерде ИМ немесе Әл-Қайда өкілдері болмаған. Сирия ұлттық коалициясының өкілі Халид Қожаның айтуынша, солтүстік Хомста тек бейбіт тұрғындар тұрады. Бұл ақпаратты Reuters агенттігіне 2012 жылы Сирия әскерінен өз еркімен қызметінен кеткен Жамил Әл-Салех те растады. Оның сөзінше, Хомс елді мекенінің солтүстік бөлігінде ИМ орналаспаған.  

Сирияны бақылаушы топтың айтуынша, бомбаланған жерде ондаған бейбіт тұрғындар қайтыс болған.

АҚШ қорғаныс министрі ресейлік әріптесі Сергей Шойгумен таяу күндері эксперттер деңгейінде кеңесу өткізу жөнінде келісімге келгенін айтты.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1584
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2284
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3622