Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Жаңалықтар 2837 0 пікір 4 Маусым, 2010 сағат 10:04

ҚМГ БӨ «Өзенмұнайгаз» бен «Ембімұнайгаз» жұмысшыларының жалақыларын көтереді

Астана. 4 маусым. ҚазТАГ - «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ басшылығы (ҚМГ БӨ - «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ еншілес құрылымы) 1-ші маусымнан бастап «Өзенмұнайгаз» (ӨМГ) бен «Ембімұнайгаз» (ЕМГ) өндірістік филиал жұмысшыларының жалақыларын орташа есеппен 25%-ға көтеру туралы шешім қабылдады, деп жұма күні компанияның баспасөз қызметі хабарлады. 

«Ұжымдық келісімшартқа қосымша келісім жобасына сай, 2010 жылдың 1-ші маусымынан бастап филиалдардың өндірістік персоналдары үшін территориялық және салааралық коэффициенттерді ескеріп, әлеуметтік пакет бойынша барлық төлемдерді сақтай отырып, жалақы көтерілетін болады», - делінген таратылған хабарда.  

ҚазТАГ агенттігіне компания баспасөз қызметінен хабарлағандай, жалақы мөлшерін шамамен 25%-ға көтеру ұсынылады.

Аталған ұсыныс ҚМГ БӨ басшылығымен және наурызда арнайы құрылған келіссөздер жүргізу комиссиясының аясындағы «Өзенмұнайгаз» бен «Ембімұнайгаз» ұжымы кәсіподағымен үйлестірілген.

«Комиссия жұмысының нәтижесінде ұжымдық келісімге қосымша келісім жобасын талқылау үшін ҚМГ БӨ өндірістік филиалдарының еңбек ұжымдарына жіберу ұсынылды», - делінген хабарда. 

Аталған кәсіпорын жұмысшылары ҚМГ БӨ басшылығына еңбек жағдайын жақсарту мен, оның ішінде жалақы мөлшерін көтеру туралы талап қойған болатын. «Өзенмұнайгаз» еңбек ұжымы компания басшылығына өз талаптарын орындатуға мәжбүрлеу үшін наурызда 10 күн бойы ереуілдеген.

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2253
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3511