Жұма, 19 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2689 0 пікір 3 Маусым, 2010 сағат 07:38

Семейде радиологиялық технологиялар саласындағы 30 ғылыми қызметкер жапон мамандарынан мастер-класс сабақ алды

Семей. 3 маусым. ҚазТАГ- Сынамалық жабдықтар департаментінің мамандары Тацухико Касаи мен Акио Исоно Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеттің радиологиялық зерттеулер ғылыми орталығында мастер-класс өткізді, деп ҚазТАГ тілшісі хабарлады.

Сабақ растрлы электрондық JEOL 6390 микроскопта рентгеноспектральдық INCA ENERGY250 микросынамалық жүйемен, көміртектік ток өткізгіш қабыршықты бүркійтін JEE 420 қондырғысын және леофильді кептіру үшін JFD320 қондырғысын пайдалану   арқылы жүргізілді.

«Электрондық микроскоптағы зерттеулер үлкейтуді 30-дан 300000-ға дейін жеткізуге мүмкіндік беріп, тек қатты және ұнтақ заттарды ғана емес, сонымен қатар биологиялық нысандарды зерттеуге, зерттелетін нысандардың құрылымы мен элементтік құрамын анықтауға, материалдардың құрылым ерекшелігін, оның бұрын күйдірілу тарихын т.б. анықтауға мүмкіндік береді», - дейді радиологиялық ғылыми орталықтың инженері Надир Ибрагимов. - Одан басқа, электрондық микроскоп электрондық бейне, гистрограмма, диаграмма мен зерттелетін нысан спектрін алуға мүмкіндік береді.

Оқудан 30 адам өтті. Олардың арасында ЖОО-ның инженерлік-технологиялық және аграрлық факультет студенттері мен магистранттары, ғылыми зертханалардың, ҚР Ұлттық ядролық орталық мамандары болды.

0 пікір