Жұма, 19 Сәуір 2024
46 - сөз 6835 0 пікір 27 Қазан, 2015 сағат 09:02

МОЛДАЛАР ЖҰМАҚТЫ ИЕМДЕНУДІ ҚОЙСЫН!

Қазақстанның жас азаматы ретінде кешегі өлген ініме жаным қатты ашыды, амал нешік болған іс болды қайтара алмаймыз.

Айтайын дегенім ол жігіттен ешқандай терорист немесе қылмыскер шығарудың қажеті жоқ. Вк əлеуметтік желісіндегі суреттерден оның кəдімгі уызына жарымаған сəби секілді, арманы орындалмаған қазақтың жас баласы екенін көруге болады. Ешқандай діни топтардың ықпалында емес. 
Бұдан алдында бірталай жастардың жазықсыз сотталғанын өзім көргенмін, бірақ олар ақшасы жоқ, əке-шешесі, ағайын туысы бар кедей қазақ балалары еді. Ал бұл жігітте екеуі де болмады, түсініңіздер. Осындайда əке-шешенің орны қатты білінеді. 
Камераға түсірген бала ұсталыпты дейді дұрыс болыпты дедік, бірақ іс мұнымен бітпеуі керек. Соңғы өтінішін орындайық! Орындамасақ елдігімізге сын жастардың мемлекетке "Үлкен əкеге" деген сенімі осылай жоғала береді. Құқық қорғау органы қызметкерін тауып тиісті жазасы берілсін! Еш болмаса ініміздің рухы шат болсын. 
Бір өтініш, бұдан соң сондай əділетсіздіктер мен жазықсыз жапа шеккендерді көрсек, қоғам болып əшкерелеп, жазалының жазасын алуға бір кісідей ат салысайық. Əділеттілікті өзіміз орнатайық. Молдаларға айтарым жұмақты иеленуді қойыңдар! Алла өзі біледі кімді қайда орналастыратынын.
Ерланның вк əлеуметтік желісіндегі суреттерін жариялаймын! Қылмыскер көрсеңіздер айтыңыздар.

Жанболат Самбет

Facebook-тегі парақшасынан

0 пікір